Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмол ауылында 45 пәтерлі үйдің кілті тапсырылды.
Аталмыш тұрғын үйдің құрылысы «Нұр-Сұлтан қаласының шет аймақтарын дамыту» бағдарламасы аясында салынған. Құрылыстың жалпы ауданы 755 шаршы метрді құрайды. Оны мердігер компания «Астана көктем С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Пәтер кілті көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және жетім балаларға беріледі.
Айталық, биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылын Қосшы және Ақмол ауылында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспамен қамту үшін 2 тұрғын үй салынды.
Целиноград ауданы.