Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! - АРҚА АЖАРЫ

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!

Сіздердің баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Қайта жаңарған Наурыздың тарихы – біздің отыз жылдық тәуелсіздігіміздің тарихы! Биыл біз бұл мейрамды үлкен шараларсыз атап өтеміз. Бұған да себептер бар. Әлемде әлі де коронавирус қаупі сақталып отыр. Бірақ, көктеммен келген мерекелік көңіл-күйді ештеңе бұза алмайды. Ең бастысы, біз біргеміз және бар қиындықты бірлесіп жеңеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің басты құндылығымыз – халықтың бірлігі» деп орынды атап өткен болатын. Осы бірлігіміз бен рухымыздың беріктігінің арқасында еліміз отыз жылдан бері өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетуде. Соның ішінде халықтың әл-ауқаты төмен топтарын қолдау, азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері өз шешімін тауып, еңбекақы мен зейнетақы, жәрдемақы мен шәкіртақы тұрақты түрде өсіп келеді.
Бүгінгі таңда «Индустриалдық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Мұның өзі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпорындардың іске қосылып, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалар мен жолдардың салынып, жөнделуіне мүмкіндік туғызуда. Осы орайда, еліміздің, соның ішінде облысымыздың дамуына белсене атсалысып, осы іске елеулі үлестерін қосқан азаматтарға алғысымды білдіремін.
Биылғы жыл да біз үшін мемлекетіміздің экономикалық жағдайы мен халқымыздың бірлігін нығайтуда, қоғамымыздың тұрақтылығын сақтауда жемісті жыл болатынына сенім мол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атап өткеніндей, Наурыз мейрамы этникалық шығу тегі мен қай дінді ұстанатынына қарамастан, барлық қазақстандықтардың ортақ мейрамы болып табылады. Біз қашанда жаңа жылдан жақсылық күткен халықпыз. Алда да солай болып, жетістіктеріміз бен табыстарымыз молая берсін. Әр шаңыраққа денсаулық, ынтымақ-бірлік пен ырыс- береке тілеймін.
Ел іргесі берік, еңсесі биік болып, жаңа жыл жақсы қуаныштарға кенелтсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметті ақмолалықтар!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы Сіздердің баршаңызды Жаңа жылдың басы ретінде ежелден халқымызға қуаныш пен үміт сыйлаған Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күні дүние ерекше түрге еніп, жан-жануарлар мен табиғат түлеп, алдымыздан жылылықтың лебі, тіршіліктің мамыражай күйі есіп, адамзат баласы ерекше бір сезім құшағында болады. Ол – халқымыздың барға қанағат етіп, жаңа жылдан жақсы күндердің ырыздығын, берекелі де ынтымақты несібесін күткені.
Әлемдік пандемиядан туындаған уақытша қиыншылықтарға қарамастан, биыл да біздің киелі Қараөткел мен көрікті Көкше өңірінің тұрғындары халқымыздың маңдайына бақ болып қонған осы Наурыз мейрамын үлкен шаттықпен қарсы алып жатқаны анық. Бұған аймағымыздың жылдан-жылға өркендеп дамуы, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың сақталуы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне де жақын қалуы оң ықпал етіп отырғандығын айта кеткен жөн.
Ұлыстың ұлы күнінің бәрімізге де ұғынықты терең мағынасы жанымызға жігер мен күш беріп, қиын кезеңнен аман-есен өтуімізге жазсын. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, қызық-қуанышқа кенеле беріңіздер. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Ардақты ақмолалықтар!

Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің атынан Сіздерді табиғаттың жаңару мерекесі – Наурызбен құттықтаймын!
Бұл ата-бабаларымыздың даналығына толы көне мейрам, көктемгі күн мен түннің теңесу сәті өзінің келуімен болашақ өнімнің негізі қалануы, барлық тіршіліктің қайта түлеуімен ерекшеленіп, адам баласын асқақ армандармен нұрландырады, ізгілікті, жарқын жолдарға бастайды. Көптен күткен Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа денсаулық пен ынтымақ-береке, келісім мен татулық, жайлылық пен бақыт әкелсін.
Біздің жүрегіміз туған-туыстарымыз бен жақындарымызға, достарымызға, барлық қазақстандықтарға ашық әрі жақын болып, армандарымыз орындала берсін. Көктем мейрамы көңілдерге шуақ сыйлап, жанымызды ізгі нұр шапағатымен байытсын!

Сағынтай ЕЛУБАЕВ,
Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазақ ұғымында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді, мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күні» деп атаған.
Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі. Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні деп есептеген. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Наурыз дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Қазақ халқы: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деп, ауызбірлік пен ынтымақты ту етіп ұстанған. Яғни, біз үшін елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығынан аcыл қазына.
Өткен 2020 жыл оңай болған жоқ. Пандемиямен күресу жолында татулық пен тұрақтылықты сақтай білдік. Сот жүйесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының бастамасымен басымды жобалар жүзеге асырылып, халықтың сотқа қолжетімділігі барынша қамтамасыз етілуде.
Барлықтарыңызға берекелі өмір тілей отыра, заңгер ретінде қоғамдағы дау-дамайлар барынша азайып, бір-бірімізге кешірімділік пен түсінушілікпен қарағандарыңызды тілер едім. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» — деп, Абай Құнанбайұлы айтқандай, ел бірлігімен тұтастығы нығайып, қазақ халқының рухы биік болсын деп тілеймін.
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Береке мен молшылықты, жақсылық пен жаңалықты жетелеп келетін Наурыз мейрамы жан дүниенің тазарып, татулықтың одан әрі нығаюына көп септігін тигізетін күн. Шадыман шаттық құшағында бір-бірімізбен жүздесіп, өткен кезеңдегі өкпе-наздарымызды ұмытып, кемшіліктерімізді кешірейік.
Қазақ даласына келген Ұлыстың Ұлы күні бізді жарқын болашаққа сенімділікпен қарауға, жас ұрпақ үшін батыл қадам жасауға шақырады. Наурыз мейрамы біздің жерімізге жақсылық пен бейбітшілік әкелсін, халқымыздың рухани бірлігі нығая берсін.
Наурыз отбасыларыңызға бірлік пен ынтымақ, құт-береке мен мол ырыс әкелсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Досжан Әмір,
Ақмола облыстық сотының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар