Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЕО коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек - АРҚА АЖАРЫ

ЕО коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек

ҚазАқпарат –Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның экспортын реттейтін бұдан да қатаң ережелерді ұсынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, жаңа нормалар Еуроодақтың вакцинаны жеткізу бойынша жекелеген елдерге экспорт жасау жолдарын жеңілдетеді. Бұдан басқа, Еуроодақ шешімдерді қабылдау кезінде препараттардың ЕО-дан жеткізілуін сұрайтын мемлекеттердегі вакциналау қарқыны туралы мәліметтерге сүйенетін болады. Агенттік өзгерістердің COVAX халықаралық механизмі аясындағы жеткізілімдерге қатысы болмайтынын нақтылап өтті. Вакцинаны жеткізу, сондай-ақ оларды экспорттау мәселелері ЕО-ның 25-26 наурыз күндері өтетін онлайн-саммиті кезінде талқыланады.

https://www.inform.kz/kz/eo-koronaviruska-karsy-vakcina-eksportyn-kadagalau-sharalaryn-kusheytpek_a3767745

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар