Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқын судың алдын алудың шешуші сәті тақап қалды - АРҚА АЖАРЫ

Тасқын судың алдын алудың шешуші сәті тақап қалды

Облысымызда көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмылдырылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Доспаев мәлім етті.

Брифингте айтылғанындай, биылғы көктемгі су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары өткен жылы жазда басталған көрінеді. Облыстық бюджеттен 2021 жылға 643,4 миллион теңге қарастырылып отыр.
– Өңірлердің әкімдіктері 43 елді мекенде ұзындығы 47,1 шақырым су бұру арналарын орнату, 5,2 шақырым топырақ үйілген бөгеттерді нығайту, 4,8 шақырым топырақ бөгеттерін салу, 24,4 шақырым өзен арналарын тазарту, 50 су өткізу құрылыстарын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақында 10 ауданда өзен мұзын қопсыту және жару жұмыстары басталады, – деді Қанат Доспаев.
Су басу қаупі жоғары аймақтар саналатын Аршалы ауданында 9 елді мекенде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді. Елді мекендерді инженерлік қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес, Есіл өзені арнасының бойында орналасқан Жібек жолы және Түрген ауылдарындағы тұрғын үйлердің аулаларына топырақтан бөгеттер тұрғызу, жыраларды, су өткізу құрылыстары мен өзен арналарын өсімдіктерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, тұрғындарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау үшін 222 пункті әзірленді, тамақтандыру үшін 69 келісім-шарт жасалды, 1544 керует пен 3740 төсек дайындалды. Қазгидрометтің гидробекеттерінен бөлек, қосымша 89 бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары Атбасар, Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарында да жүргізілуде.
Жалпы, қазіргі кезде Ақмола облысындағы елді мекендерден барлығы 443,3 мың текше метрден астам қар күрелді, сондай-ақ, 345,8 тонна жанар-жағар май, 11,6 мың тонна инертті материал, 87,2 мың қаптар дайындалды, 1 мыңнан астам арнайы техника толық дайындыққа келтірілді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар