Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек... - АРҚА АЖАРЫ

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек…

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени- ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этноfashion» ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақтардың көпғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің бейнесіне айналған және ежелгі халықтың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін бойына сіңірген қазақтың ұлттық киімін насихаттау болып табылады. Төрт кезеңнен тұрған байқауға облысымыздың барлық қалалары мен аудандары белсене қатысты. Бірінші күні сән сахнасына Ақкөл, Жарқайың, Жақсы және Ерейментау аудандарынан әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерін киген қатысушылар шықты. Әр аудан ұлттық нақыштағы әшекейлері бар қазақ киімінің үш нұсқасын ұсынды. Даңқты көшпенділердің мақтанышына айналған және қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған киімдері арқылы қатысушылар жиналған жұртшылықты ұлттық киімдерге жаңаша көзқараспен қарауға үндеді.
Сан алуан түсті, жарқын декорлы және ықшамдалып тігілген киімдерді киген қатысушылар бүгінгі таңда дәстүрлі ұлттық киім өзінің танымалдылығын жоғалтпағанын көрсетті. Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін жіті бақылап, оларға әр образды ерекше ұсына білгендері үшін алғыс білдірді. Барлық қатысушылар «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Этноfashion» көрсетілімінің бірінші кезеңі мерекелік концертпен аяқталды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар