Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент кәсіпкерлер қызметіне шектеулерді біртіндеп алу туралы айтты - АРҚА АЖАРЫ

Президент кәсіпкерлер қызметіне шектеулерді біртіндеп алу туралы айтты

Цифрлық мониторинг бизнесті жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», — деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірінші кезекте сәуірде жаппай вакциналау жолымен Үкімет пандемияға қатысты жағдайды оңтайлы ете алатынына үміт арта келе, мамыр айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері қызметіне, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға кірісуге болатынын жеткізді. Қ. Тоқаевтың сөзіне қарағанда, цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету керек. Бұл өз кезегінде карантиндік шектеулер жағдайында халықтың мобильдігін сақтауға мүмкіндік береді. Цифрлық мониторинг бизнесті жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз етеді, әсіресе қызмет көрсету мен ритейл саласында.

Сонымен қатар Президент ASHYQ жобасын масштабтау бизнестің ғана мақсаты емес екенін айтты.

«Үкімет алдында жүйені кеңейту мен белсенді енгізуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Сонымен бірге, тиісті нормативтік базаны құру маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

https://www.inform.kz/kz/prezident-kasipkerler-kyzmetine-shekteulerdi-birtindep-alu-turaly-aytty_a3771038

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар