Жерлестеріміз үздіктер қатарында

Облыс балуандары қазақ күресінен республикалық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Тоғыз салмақ дәрежесінде боз кілемге 200-ге жуық спортшы шығып, күш сынасты. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты жарыс жанкүйерлерсіз ұйымдастырылды.

Ақмолалық балуандардың арасында көкшетаулық Елуан Оспанов екінші, целиноградтық Өмірбек Ақеділ үшінші орын алды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар