Ақмолалық оқушылар – біріншілік жеңімпаздары

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Ақбозат-2021» республикалық шахмат біріншілігі өткен болатын. Бұл жарыста Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласының №16 орта мектебінің оқушылары Әлішер Абай, Даниил Мурга, Дамир Әлібаев және Ламиса Арыстанова қорғады.

Бұл жарыстардың ерекшелігі, команданың барлық мүшелері 3 ұл, 1 қыз, 2006 жылы туған бір мектеп оқушыларының болғаны. Осы додада 2021 жылдың маусым айында өтуі тиіс Сочидегі әлем чемпионатына жалғыз жолдама ойналды. Турнир әр қатысушыға 1,5 сағат регламентпен айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Көкшетаулық оқушылар өткен екі жылда қола жүлдегер атанса, биыл шахматтан спорт шеберіне үміткер, жаттықтырушы Қанат Биғожинмен бірге Қазақстан чемпиондары атанды.
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы ең шешуші кездесулерде шеберлік танытқан жерлестеріміз командалық ойында тиісінше 2.5:1.5 және 3:1 есебімен жеңіске жетті. Команда капитаны Әлішер Абай Нұр-Сұлтан қаласының атынан қатысқан үміткерді жеңіп, жеке біріншілікте жеңімпаз атанды. Команданың басқа мүшелері де артта қалмауға тырысты. Даниил Мургамен Дамир Әлібаев 2 орынды еншілесе, Ламиса Аристова 3 орынды жеңіп алды. Мұның барлығы команданың жетістігі, олардың бәрі жеке есепте жүлдегер атанды және басқа командалардан үлкен артықшылықпен 1 орынға шықты. Екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы иеленді. Біздің жас шахматшыларымызға алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар