Жарайсың, Бекұлан!

Жуырда Құрманғазы атындағы Алматы ұлттық консерваториясында  онлаин форматта вокалистердің республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиадаға қатысқан 51 қатысушының ішінен топ жарып, жүлделі 3 орынды иеленген Бекұлан Ерболатұлы Көкшенің намысын сәтті қорғады. Бекұлан Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің 4 курс студенті. Өнерлі де өнегелі отбасынан шыққан жас дарынның өнері үстем болып, биік белестерді бағындыра берсін демекпіз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар