Қазақстанның рекорды жаңартылды

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, Целиноград ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдени – спорттық шара өтті.
Шараға Қажымұқан ауылында ұйымдастырылған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандар Қажымұқан ауылында балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Шарада күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы ақмолалық Сергей Цырульников әр біреуі 1000 келіден астам салмақты көтеретін төрт бірдей тағаны 37 секунд ішінде иіп, Қазақстан рекортын орнатты.
Айталық, аталмыш рекорд 2009 жылы Еуропа елінде орнатылды. Онда атлет қос бірдей тағаны 49 секунд ішінде иген болатын.
Бұдан бөлек, шара аясында қазақ күресінен облыстық турнир өтіп жатыр.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар