Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құлшылық ету тәртібі бекітілді – Ершат қажы

Қазіргі қиын жағдайды ескере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шараларын назарға ала отырып, Рамазан айында республика бойынша барлық мешіттерде атқарылатын іс-шаралар бекітілді.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар ОКҚ өткен брифинг барысында жасыл, сары және қызыл аймақта орналасқан облыс, қалалар үшін Жұма, тарауих, ауызашар өткізудің тәртібіне тоқталды. Оның айтуынша, талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертілуі мүмкін.

«Жасыл аймақта ауызашарды мүмкіндігінше отбасыда өткізу, Тарауық намазын ауа-райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу ұсынылады. Мешіттерде намаз оқу бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге асырылады; Сары аймақта орналасқан мешіттерде Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру ұсынылады. Ал қызыл аймақта Тарауық намазы оқылмайды», – деді Ершат қажы.

Бұл ретте үш аймақта орналасқан мешіттерде діни ғимараттың қызметкерлері тиісті сақтық шараларын қадағалайтын болады.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1617882770

 57 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар