Хатшының сапары

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпанның Біржан сал және Бұланды аудандарына жұмыс сапары бағдарламасына аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесулер, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралау, азаматтарды қабылдау мәселелері енді.

Аудандардағы депутаттар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, энергетика және телекоммуникация, тағы басқа түрлі қызмет салаларының өкілдері болып табылады. Мұрат Балпан аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін ерекше атап өтті. «Nur Otan» партиясының аудандық филиал-
дарында азаматтарды жеке қабылдады.
Біржан сал ауданының тұрғындарын аудан орталығы Степняк қаласын дамыту, мектептер салу және жөндеу, жаңа аурухана құрылысын жүргізу, жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алу мәселелері толғандырады. Бұландылықтар жолдарды жөндеу, Партизанка ауылындағы клубты күрделі жөндеуден өткізу және басқа да мәселелерді көтерді. Сапар барысында Мұрат Балпан Біржан сал ауданындағы жаңа 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысында, «Жеңіс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, тігінші, хатшы-референт, «В» санатындағы жүргізуші сияқты мамандарды даярлайтын оқу-өндірістік комбинатында, Степняк қаласындағы Біржан сал атындағы балалар музыкалық мектебінде болды. Мұндағы бірқатар нысандардың басшылары Игорь Магерко, Гүлмира Құртабиева аудандық мәслихат депутаттары, өз ісін білетін және сүйетін іскер жандар.
Бұланды ауданында облыстық мәслихат хатшысы «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС, «Арна» астық қабылдау пункті» ЖШС-сын аралап, ұжым мүшелерімен кездесті. Бұл кәсіпорындардың алғашқысында базальт жыныстары негізінде жылу оқшаулау материалдарын өндіреді, ал, соңғысында жылына 70 000 тоннадан
120 000 тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдеп, сақтау ісі қолға алынған.
Облыстық мәслихат хатшысына қойылған барлық сұрақтар бақылауға алынып, олар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұраныстар жолданатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар