Вакцинация жасау жалғасуда

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында Көкшетау қалалық емханасының дәрігерлік бригадасы коронавирус пандемиясына қарсы 100 дозалық вакцинация салуды ұйымдастырды.

Олардың ішінде облыстық әкімшілік аппараты, ішкі саясат басқармасы, білім, денсаулық сақтау басқармасы, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы, облыстық қаржы бақылау инспекциясы, кәсіпкерлік басқармасы басқа да мемлекеттік қызметшілері  таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін ерікті түрде вакцина алуға келді.

Алғашқылардың бірі болып вакцина алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Манапұлы Шадиров:

– Мен бүгін «Спутник Ү» ресейлік вакцинасының бірінші  компонентін алдым. Енді 21күннен кейін екінші компонентін алам. Менің ұжымымда 50 шақты қызметкер бар. Біріншіден соларға бас болып, екіншіден елімізді жайлаған қауіпті індетті осы екпе алу арқылы жоя алатынымызды тұрғындарға сезіндіргім келді. Сондықтан, еш қорықпай, өз-өзіңді алдын ала дайындап, айналаңа ауырып зияның тиместей болатыныңа сенімді болуың керек. Жалпы, мен өзімді жақсы сезінемін,  – деді ол, бізбен әңгімесінде. Сондай-ақ, Ақмола облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин де коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алып отырғанын, өзін бұдан былай қауіпті індетке төтеп бере алатындай сенімде екенін жеткізді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар