Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндіріске үлкен серпін - АРҚА АЖАРЫ

Өндіріске үлкен серпін

 Көкшетаудағы «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын осылай бағалады.

  Елбасының халыққа арнаған Жолдауы елдің алдағы уақыттағы даму бағдарын айқындап, атқарушы биліктің жүзеге асырар нақты міндеттерін белгілейтін маңызды құжат. Өндірістің дамуына серпін беретін нақты қаржы көздерімен бекітілген бұл міндеттерді жүзеге асыру ел экономикасын өрге бастырып қана қоймай, қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге де игі ықпалын тигізбек. Сондықтан болар, биыл жиырмасыншы рет жолданып отырған Мемлекет басшысының Жолдауын халық жаһандық дағдарыс дендеп тұрған кезде игілік әкелер жақсылықтың жаршысындай үлкен үмітпен күткен. Биыл да Елбасы Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер тілге тиек болып, оны шешудің нақты жолдары белгіленді және атқарушы билік атқаратын міндеттері сараланып отыр.
Жолдауда айтылған міндеттер Көкшетаудағы «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларының көңілінен де шығып отыр. Бүкіл ұжым болып теледидардан тыңдаған кәсіпорын жұмысшылары Жолдауда айтылған дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытының арқасында еліміз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылатынына сеніммен қарауда.
–Биылғы Жолдаудың ерекшелігі жаһандық дағдарысты жағдайларға байланысты Елбасының аталған қиындықтардан шығудың нақты 5 бағытын айқындап беруінде. Ал біздер, өнеркәсіп саласының мамандары үшін ең маңыздысы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қызықтырып отыр.
Осы орайда,  Президентіміз Қазақстанның осы сауда ұйымына кіруі біздің еліміздің экспортшыларына, сонымен қатар, экономикамыздың негізгі секторларына келетін инвестор елдер үшін де зор мүмкіншілік беретіндігін баса айтты. Еліміз үшін бірқатар міндеттемелердің болып, қиындықтардың да орын алуы мүмкіндігін ескертті. Яғни, қазақстандық тауарларды халықаралық нарыққа  шығаратындардың бәсекеге қабілетті болуы тиістігін атап өтті.
Расында да бұл тұрғыдан алғанда бізде де өнімнің бәсекелестікке қабілетті болуы бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Оны бүгінгі күні кәсіпорынның аяқ алысынан анық байқауға болады. Қазіргі кезде 600-ден астам адам жұмыс істейтін облыс аумағындағы ірі кәсіпорын айына 5 миллион дана полиэтилен, 100 миллион «биг-бег» қаптарын өндіреді. Оның 30 пайызы тұрақты түрде экспортқа шығарылады. Сондықтан,  Елбасы Жолдауында айтылған бұл міндеттер бізге етене таныс, – дейді кәсіпорынның өндірістік директоры Нұрбол Нұрходжаев.
Алдағы уақытта осынау жетістікпен шектеліп қалмай, ел экономикасын одан әрі нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға, «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы да бар күш-жігерлерін аямайтындары анық.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Дүниежүзілік сауда ұйымы еліміздің экспортшыларына зор мүмкіндік береді деп нық сеніммен айтып отырған сөзін барша ұжым мүшелері құптайды. Өйткені, ауқымды инвестиция мен өнеркәсіп саласы еңбеккерлерінің арқасында сапалы әрі бәсекелестікке сай өнім өндіруге қол жеткізе аламыз.
 Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар