Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа істердің бастауы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа істердің бастауы

Облыс орталығындағы №19 орта мектептің ұжымы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына да зор ықылас танытты. Бірлесіп тыңдау барысында Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов ұстаздармен бірге болды.

Ұстаздар қауымы мен жоғары сынып оқушылары білім ошағының мәжіліс залына тегіс жиналып, маңызды құжатта айтылған әр мәселеге құлақ түрді. Әлемдік дағдарыс қаупі төнген осынау қиын кезең қарсаңында Ұлт Көшбасшысының жаңа міндеттерді жүктеуі ел азаматтарының жігерін қайрай түсері сөзсіз. Заманның ауыртпалығына қарамастан мемлекетіміз алға қойған мақсатына жетуге тырысуда.
Мәселен, білім саласындағы реформалар, тәуелсіздік алғалы бері 1700-ден астам білім беру нысандарының жаңадан бой көтеруі осы сөзіміздің айқын дәлелі бола алады. Жолдауда кеңінен айтылған бұл мәселелерді №19 орта мектебінің  ұжымы да ой елегінен өткізгені сөзсіз. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манаргүл Тоқанқызы стратегиялық құжатпен таныса келе, ойын былайша сабақтады.
– Елбасының әр Жолдауы бізге үкілі үміт сыйлап, ертеңгі күнімізге жаңа міндеттер жүктейді. Біріміз мұғалім, дәрігер, енді біріміз тағы басқа салада еңбек етсек те, мүддеміз ортақ, тілегіміз де бір. Осындай азат елде өмір сүріп жатқаннан кейін баршамыздың тағдырымыз бір деп ойлаймын. Сондықтан, қоғамымызда болып жатқан саяси-экономикалық өзгерістер бізді де сырт айналып өтпейді. Президентіміздің Жолдауын тыңдаған әр қазақстандық көкейде жүрген біраз сұрақтарға жауап алып, алдына мақсат-міндет қойғанына сенімдімін. Елімізді көркейтетін іске үлес қосатын боламыз, – десе, 11 сынып оқушысы Айнұр Рүстембек болашақ жастардың қолында екенін айтып, жаңа заман орнату үшін өз замандастарының да қашанда алдыңғы лектен көрінетініне сенім білдірді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар