Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық сауалдарға жауап табуға болады - АРҚА АЖАРЫ

Барлық сауалдарға жауап табуға болады

Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының Жаңа жылға дейін жариялануының да өзіндік себептері бар деп түсіну керек. Президент ұсынған «100 қадам» бағдарламасын Ұлт жобасы деп ұққан абзал.

Елбасы атап өткендей, қаржы мол кезде оны оңды-солды шашпай тиімді жұмсаудың маңызы зор. Өкінішке орай, мұнай бағасы жоғары болған кезде біз ертеңімізді ойлауды кейінге шегергендей болдық. Міне, осындай жағдайда Ұлттық қордағы қаржының қаншалықты көмек болғандығын пайымдау керек.
Жалпы, бізде пайдасы шамалы көптеген құрылымдар бар. Осыған орай, «Самұрық-Қазынадан» бастап толып жатқан еншілес бөлімдері бар холдингтер мен Ұлттық компанияларды да бір жөнге келтіретін уақыт келді. Елбасы толықтай екшелеген соң олардың кейбіреулерін тіпті таратуға тура келетіндігін де баса айтты. Мұның бәрі сайып келгенде, қаржы үнемдеуге, қолда барды тиімді пайдалануға жетелейді.
Президент атап өткен тағы бір мәселе – бизнес пен мемлекеттің әріптестігі. Қарапайым тілмен айтсақ, белгілі бір жобаларды, немесе құрылыстарды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен мемлекет серіктес болуы қажет. Бұл көп мәселені оңтайлы шешуге жол береді.
–Біздің мәселелерімізді сырттан келіп ешкім шешіп бермейді, өзіне пайдасы болмаса ешкім көмек қолын да созбайды, – деді Елбасы өз сөзінде. –Яғни, алда тұрған келелі міндеттерді шешу үшін ішкі мүмкіндіктерімізді пайдаланып, инвестиция тартып дегендей, мәселені шешудің нақты жолдарын қарастыру керек.
Зейін қойып тыңдаған адамға Президент Жолдауынан экономикамызда орын алып отырған жағдайлардың бәріне де толыққанды жауап табуға болады. Ал, ең бастысы, Елбасы атап көрсеткендей, қаржы дағдарысы бізді мұқалтпай, жаңа серпін беріп, алда тұрған жоспарларымызды орындауға жетелеуге тиіс. Қысқаша айтқанда, қиындықтар бізді шыңдай түседі.

 

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар