Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елі сүйген Елбасы - АРҚА АЖАРЫ

Елі сүйген Елбасы

Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

Оған соғыс және еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, депутаттар, облыстық ведомстволар, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиналғандар Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір өткелдері мен қызметтік баспалдақтары жайлы сыр шертетін бейне фильмді көріп, тамашалады.
Онда қазақтың сайын даласында азаттықтың арайлы таңы атып,  жеке мемлекет құрудың тағылымды жолы жайлы баяндалады. Қарапайым металлургтан  мемлекет қайраткеріне дейін көтерілген Елбасының қиын сәтте елінің тізгінін ұстап, аласапыран шақтан аман-есен алып шыққаны шынымен әркімнің тағдырына жаза бермейтін  бақыт болса керек.
Салтанатта облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров құттықтау сөз сөйлеп,  парасаты мол, пайымы да жоғары  Елбасының асқақ тұлғасы  жайлы ақтарыла  баяндады. Кешегі алаштың жеке ордасын құрып, хандық шаңырағын көтерген Керей мен Жәнібектің, қазағын азат ел етпекші болған хан Абылайдың аманатын арқалап, армандарын орындаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  әлем таныған тұлғаға айналуы тегін емес.
«Мәңгілік Ел» –  азат елдегі бірлік пен татулықты сақтау, ынтымағы жарасқан туған халқын заманның аласапырандарына ұрындырмай, асқақ биікке көтеруге ұмтылдыратын ұран іспеттес. Себебі, бір сөзінде Елбасы: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген болатын.
Міне, осынау мерейлі мереке қарсаңындағы  бүкіл ел халқына арнаған Жолдауында да бізді тәуелсіздіктің асыл құндылығы ғана рухы биік елге айналдыратынын қадап айтты. «Елдің де, біздің де тілегіміз – тәуелсіздік» деді Елбасы өз Жолдауында.
Одан әрі Қадырхан Отаров айтулы мерекеге орай, әр салада мол жетістікке жеткен бір топ ақмолалыққа облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.  Шара мерекелік концертке ұласты.
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар