Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет қаржысына бекем болуымыз керек - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет қаржысына бекем болуымыз керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел халқына жаңа жаһандық дағдарыс жағдайында елдің экономикасын дамыту және қиындықтарға қарсы шара жасау жөнінде өзінің Жолдауын жария етті.

Мұнда ең басты мәселе әлемдегі тұрақсыздық жағдайы басты назарға алынды. Теке-тіреске түскен батыстың дамыған елдері өздерінің негізсіз санкциялары арқылы экономикалық дамудың үдерісіне кірбің түсіріп отыр. Мұндай келеңсіз көріністер дамудың жолына түскен Қазақстан сияқты елге де әсер, ықпалын тигізбей қалмайды.
Осыған орай, Елбасы жаңа
саяси стратегияға негізделген экономикалық бағыт-бағдарымызды анықтап берді. Ең бастысы, мемлекетіміздің ішкі құндылықтарын тиімді пайдаланып, экономикамызды алға жылжыту болып табылады. Бұл дегеніңіз, бюджеттің әр тиынын тиімді пайдалану, мақсатты жұмсау.
Шыны керек, қазір ел игілігіне қол сұғатын сұғанақтардың да азаймай отырғаны анық. Халықтың ақшасы мақсатсыз жұмсалып, талан-таражға түсетіні еш жасырын емес. Сондықтан, біздің қаржы бақылау инспекциясы бұл бағытта мақсатты жұмыстар істейтін болады.
Қазір еліміздің бюджеттік заңдылықтарын сақтауға бақылау жасау маңызды салалардың бірі болып табылады. Өйткені, әртүрлі сылтауларды негіз етіп, қаржыны өз мақсатына жұмсамау онсыз да қиындыққа түскен экономиканы тығырыққа тірейтіні анық. Елбасы да осы жайды баса айтты. Бұл ретте, кейбір  мемлекеттік бағдарламалардың орындалмай қалатыны тағы жасырын емес. Сондықтан, мұндай бағдарламалар оңтайландырылып, тиімділері ғана жүзеге асырылатыны атап көрсетілді.
Біздің облысымызда да бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау оқиғалары жиі орын алады. Мысалы, біздің тексерісімізден кейін Егіндікөл аудандық әкімдігі жанындағы «Ветсансервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында барлығы 1 миллион 814 мың теңге негізгі қаражаттың жетіспеушілігі анықталды.
Жыл басынан бері бұл мекеме қыруар қаржыны  есепке де енгізбеген болып шықты. Атап айтсақ, есепшоттан алынған 809,5 мың теңгеге кәсіпорын кассасында ешқандай құжат жасалмаған. Тіпті, кәсіпорын басшысы 677,5 мың теңге қаржының есептен шығарылғаны жөнінде де аванстық есеп ұсынбаған болып шықты.
Мұндай заң бұзушылық Сандықтау ауданында да орын алып отыр. Бұл ауданда барлығы 38 миллиард теңгенің 29 бюджеттік бағдарламасы бойынша тексерулер жүргізілді. Сөйтіп, 671 миллион 996 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.
Дәлірек деректер келтірсек, аудандық бюджетті жасау, бекіту және нақтылау кезінде 134 миллион 185 мың теңге қаржының  заң бұзушылығы әшкереленді. Бұл – ауданда бюджетті нақтылау кезінде 9 миллион 356  мың теңге көлік құралдарын сатып алуға орай лимитті асырып жібергеніне байланысты туындап отыр.
Жалпы, Елбасы Жолдауында да бюджет қаражатын үнемді пайдалану аса қажет екені баса айтылды. Мұның да астарында үлкен мәселе жатыр. Себебі, көп өңірлерде мемлекет ақшасын оңды-солды жұмсау жиі орын алады. Алысқа бармай-ақ қояйық, осы ауданның әкімдік ғимаратына коммуналдық төлемақылар мөлшерден тыс көп төленетіні анықталды. Тексеріс кезінде 283,9 шаршы метр артық көрсетілген. Ал, бұған бюджетті бекіту кезінде 134 миллион 185 мың теңге қаржы төлеу жөнінде деректер енгізілген. Ал, мұндай қаржы талаптарын бұзуға байланысты 1 миллион 294 мың теңге бюджетке қайтарылуы керектігі назарға алынды.
Аталған аудандағы селолық округтерде де жағдай ойдағыдай дей алмаймыз. Қазір бюджеттен ауылдық елді мекендерді көркейтуге және әлеуметтік саланы жақсартуға қыруар қаржы бөлінеді. Ауыларалық жолдарды ағымдағы жөндеуге 20 миллион 468 мың теңге қаржы бөлінген. Бірақ, еліміздің «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 127-бабының 1-тармағына сәйкес бюджет қаржысы мемлекеттік мүлікті жөндеуге ғана жұмсалатындығы айтылады. Аталған оқиғада бұл мүліктер ауылдық округтердің балансына кірмейді.     
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында: «Көрпеге қарай көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі» деп атап көрсетті.  
Олай болса бюджет қаржысын үнемді жұмсап, қаржы дағдарысынан шығудың қамын жасау баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір басшы осыны жақсы түсініп, неғұрлым заңсыздықтарға жол бермесе, соғұрлым Елбасы Жолдауында алға қойылып отырған міндеттер де табысты орындалатындығы сөзсіз.  

Нұрлан БЕКЕНОВ,
Қаржы бақылау  комитетінің
Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау
инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар