Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық іс – ел игілігіне - АРҚА АЖАРЫ

Барлық іс – ел игілігіне

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының ұжымы мұқият тыңдады.

Ұлт Көшбасшысы тәуелсіз еліміздің басынан өткерген қиындықтарына тоқтала келіп, Қазақстан алғаш рет дағдарысқа қарсы оңтайландырылған Стратегия-ны қолданып отырғанын атап өтті.Біз индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық. Мақсатымыз – мықты мемлекет, дамыған экономика және Жалпыға Ортақ Еңбек негізінде берекелі қоғам құру. Расында да қуатты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысатыны белгілі. Осы жолмен жүрсек «Мәңгілік Ел» құра аламыз. Ал, бұл мақсатқа жету үшін ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмауымыз керек. Осы орайда, кешегі бабалар ерлігі мен бүгінгі жас ұрпақтың жасампаздығы арасында мықты байланыс орнауы тиіс.
Шикізаттан тәуелсіз экономика құру жүзеге асырылуда. Осы орайда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жасалғаны көңілге қуаныш ұялатады. Дағдарысқа қарсы шараның аспектісі ұлттық валютаның еркін бағамына көшуіне байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда 5 ұлттық реформа «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» арқылы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті бұл құжатты  заңмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жоспардың келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап  қолданысқа енетіні көңілімізден шықты.
Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда.  Бұл кәсіпкерлердің жұмысын алға бастыруға өз ықпалын тигізеді. Білім мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару жетілдірілуде. Бұл шаралар мемлекет пен қоғамды, экономикамызды нығайтады. Бүгінгі таңда қажетті валюталық алтын резервтері мен мемлекеттік қорды жинадық. Мұнай бағасының бір барелі 30, 20 долларға дейін төмендеуіне дайын болуымыз керек. Қазақстанның экономикалық өсуінің драйвері инновациялық индустрияландырудың шеңберінде құрылып жатқан экономиканың жаңа секторы болады. Көптеген өңдеуші салалар өсуде. 5 жылдың ішінде өңдеуші өнеркәсіп 1,3 есе, химиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын өндіру 1,7, машина жасау өнімдерін шығару 2,2, экспорт 3 есе өсті. Биылғы жылы сексеннен астам индустриялық жоба жүзеге асты. Сонымен қатар, металлургиялық өнеркәсіп 15 пайыз, химиялық өнеркәсіп пен минералдық тыңайтқыштар өндірісі 3,2 пайыз, киім-кешек 4 пайызға өсті. Бұл біздің шикізаттық емес тауарларды өндіру жетістігі. Келесі жылы Дүниежүзілік және Азия банкінің дамуы Қазақстан үшін ең жоғары өсу қарқынын болжайды. Қазақстандықтардың экономикалық мінезі өзгеруде. Еңбек өнімділігі 60 пайызға өсті. Білім және денсаулық сақтау салаларының қазіргі заманғы  құралдарымен жабдықталған көптеген нысандары пайдалануға берілді. Елбасы Қазақстанның 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымына тең құқылы мүше болғанын жариялады. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш. Өйткені, әлемнің 106 елімен алыс-беріс көбейеді, бәсекелестік артады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдығында қол жеткізген табыс-тар аз емес. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына кезекті Жолдауында атап өтті. Алдымен, инновациялық индустрияландырудың трендін үйлестірген және күшейткен маңызды. Елбасы Үкіметке үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының жобасын жүзеге асыруға бірқатар тапсырмалар беріп отыр. Бірінші бесжылдықта атқарылған істер аз емес. Осы орайда, Президент өз сөзінде бұған түзетулер енгізіп, индустрияландыру басымдықтарының санын шектеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ол экономика тудыратын дәстүрлі салалардың тиімділігін арттыру қажеттілігін айтып, оны біздің табиғи бәсекеге қабілетті артықшылығымыз деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының бұл ойлары да көкейімізге қонып отыр. Өткен жылдар ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы болды деп айта аламын.

Уәлихан ҒАБДУЛЛИН,
Ақмола облысы кәсіпкерлер
палатасының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар