Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдік істердің көш басында - АРҚА АЖАРЫ

Елдік істердің көш басында

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы аса күрделі қиын кезеңде қабылданып отыр. Жаһандық жаңа қатерлер белең алған тұста қазақ елінің өрелі биіктерге ұмтылуы үшін жаңа Жолдаудың маңызы зор. Бұл билік басындағыларды ғана емес, қарапайым адамдарды да елдікке үндеуі тиіс. Ал, «Нұр Отан» партиясына ерекше жауапкершілік жүктеліп, Жолдауды халыққа кеңінен түсіндіруге атсалысу міндеті қойылып отыр.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың Ақмола облысына жұмыс сапарының негізгі мақсаты да Елбасы Жолдауын халыққа кеңінен
насихаттау еді. Ол ақмолалық партияластарымен кездесіп, келелі әңгіме өткізді. «Достар» мәдениет сарайында өткен партия активінің бұл жиналысына облыс әкімі Сергей Кулагин және партияның барлық өңірлерден келген өкілдері қатысты

 

Әлемде саяси күштердің тұрақсыз әлпеті байқалып, жаһандық дағдарыс белең алып отыр. Өз азаттығын алғанына ширек ғасыр ғана уақыт болған қазақ елі үшін мұндай тығырықтан шығудың әсте оңай еместігі де анық. Елбасы өзінің бұл Жолдауында жаһандық дағдарыс жағдайында туындаған қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттердің мүмкіндіктерін қарастырады.
Міне, осы келелі мәселелер Асқар Мырзахметов қатысқан партия активінде кеңінен сөз болды.  Жиынды ашып, кіріспе сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагин аграрлы өңірдің ел экономикасына қосар үлесі жайлы жан-жақты баяндап берді. Себебі,
Елбасы Жолдауында да аграрлық саланы дамытудың мүмкіндіктері жайлы айтылған еді. Сондықтан, бұл Жолдау астықты өңірдің алдағы жылдардағы даму үдерісіне серпін беретіні сөзсіз.  
«Нұр Отан» партиясының алдына қойылып отырған жаңа міндеттері жайлы Степногорск қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Әнуар Күмпекеев өзінің ой-пікірін ортаға салды.  Өнеркәсіпті қаланың экономиканы әртараптандыру бағытындағы көрсеткіштері тілге тиек етілді. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында қолдау жасаудың маңыздылығы да қамтылды. Бүгінде бұл қалаға индустриялдық жоба негізінде мемлекеттен 1 миллиард теңге көлемінде несие және жаңа өндіріс орындарын ашу үшін құны 37 миллион теңге тұратын 12 грант берілген. Ал, жыл аяғына қарай кәсіпкерлерге тағы 60 миллион теңге мөлшерінде шағын
несиелер берілмекші.
Партияның Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденованың сөзі де жергілікті жерде атқарылған жұмыстар жайлы болды. Әсіресе, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы депутаттарының қоғамдық істерге қосып жүрген үлестері де айтылды. Мысалы, жыл басынан бері билік партиясы депутаттарының қатысуымен 630 қабылдау жүргізіліп, онда мыңнан астам тұрғынның өтініші тыңдалды. Сөйтіп, қарапайым адамдардың ұсыныс-тілектері жерде қалмай, дені шешімін тапқан.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жандандыру мәселесі де маңызды болып отыр. «Нұр Отан» партиясы өкілдері де бұған ерекше ынта-ықылас танытып, қоғамдық кеселмен күресудің шараларын қарастыруда. Өйткені, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бұл Жолдауында нұротандықтарға ерекше сенім артып, кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды ортақ іске жұмылдыру және барлық межелеген міндеттерді орындауға біріктіру қажет екенін атап көрсеткен болатын. Әлемдік дағдарыстардың бірде белең алып, енді бірде саябыр табатыны да ақиқат. «Мәңгілік ел» сияқты ұлы мұраттарға жетудің асыл құндылықтары осының бәрін жеңіп шығуы тиіс. Мұндай дағдарыстар кейде дамудың жаңа биігіне де талпындырады. Осы орайда, Асқар Мырзахметов өз сөзінде Қазақстан сияқты әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еткен ел үшін алынбайтын қамал жоқ екендігін баса айтты.
Сонымен бірге, ол партия атына келіп түсетін өтініштердің көбейе түскенін де атап өтті. Қарапайым адамдар партияның қолдауына ие болып, олардың өтініштері жерде қалмауы тиіс екендігін ескертті. Кейде ұсақ-түйек мәселені жергілікті жерде шешуге бола тұра, оның жоғары жаққа жолданатыны қисынсыз екені атап көрсетілді.
Сөзінің соңында өз партияластарына елдік істен ешкім тасада қалмауы қажет екенін еске салып, әркім жеке бастың емес, ортақ істің қамын ойлауы тиіс деді. Бұл Елбасының қойып отырған басты міндеті екенін де еске салды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов облыстағы жұмыс сапары барысында облыс орталығында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан «Жансая» тұрғын үй кешені мен «Көктем» шағын ауданындағы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылыс жұмыстарымен де танысты. Осы заманғы зәулім ғимараттарды көріп, мұндай құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасын тапса деген тілегін жеткізді. Дағдарыс деп екіұдай сезімде жүрген кейбір тұрғындарға жайлы пәтерлер салынып жатса, нұр үстіне нұр емес пе? Сондықтан, жергілікті жердегі әлеуметтік жағдай да партияның назарында ұсталынбақшы.
Одан әрі ол партияның облыстық филиалы ғимаратында кәсіпкерлермен кездесіп, толғандырған сауалдарына жауап беріп,  Жолдауда айтылған бюджет қаражатын үнемді жұмсау және жекешелендіру акциясына белсене қатысу жөнінде өз ойын ортаға салды. Кәсіпкерлермен болған бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар