Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрімізге ортақ міндет - АРҚА АЖАРЫ

Бәрімізге ортақ міндет

Қазақстанның жаңа тарихы оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл күрделі кезеңде елді алға озық көзқарастағы ұлттық көшбасшы бастады. Кеңес империясының ыдырап, Еуразиялық кеңістікте геосаяси жағдайдың өзгеруі бізден  жаңа басымдықтар мен нақты істерді, қуатты ерік-жігер мен патриоттық рухты талап етті. Дәл осы сындарлы шақта әлемдік деңгейдегі көшбасшымыз республика халқын бір арнаға тоғыстырып, қоғам дамуының негізгі міндеттерін айқындай білді.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз елдің Президенті ретінде әуел бастан-ақ өзінің саяси қызметінде егемен мемлекетті құру, оның ұлттық сипатын қалыптастырып, нығайту, елді экономикалық дамыту, өмір сүру деңгейі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа еніп, өз халықаралық тепе-теңдігін қамтамасыз етудің   батыл жақтаушысы болды.
 Мемлекет басшысының елдің саяси егемендігін нығайту, нарықтық қатынастарды құру, саяси серіктестермен терең және мықты байланыс орнату мәселелері бойынша атқарған қызметі осы сөзіміздің нақты дәлелі екеніне дау жоқ.
Осының бәрі Елбасының жыл сайын халыққа арнаған Жолдауларының да ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оларда ішкі және сыртқы саясаттың барлық стратегиялық басымдықтары, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылықты қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту,  елдің халықаралық беделін арттырудың нақты жолдары жан-жақты көрініс тапқан.
Биыл да міне, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауы халқымызға жол тартып отыр. Бұл Жолдаудың бір ерекшелігі, әлемде болып жатқан дағдарысқа біздің еліміздің қарсы қояр күш-қуаты, экономикалық басты стратегиясы нақты айқындалып, түзілуінде. Мемлекет басшысы өзіне тән терең қабілет-қарымымен жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлерін алдын ала болжап, соған Қазақстанның экономикасын, саяси  жағдайын бекемдей түседі. Осы орайда, алда күтіп тұрған қиыншылықтарды да жасырмайды.
«Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік орталықтарының арасындағы қатаң бәсекелестік аясында жүретін болады. Жаңа жаһандық өмір шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек» деп атап көрсеткен сөзінде бүгінгі әлемдегі алмағайып оқиғалар да, оған біздің еліміздің тұйықтан шығар өз мақсат-жоспары, осыған белді бекем буған  іс-қимылы бары да жақсы аңғарылып тұр. Сондықтан, бұл тарихи құжат та біздің Елбасымыздың әріден ойлайтын кемеңгерлік қасиеттері мен көреген саясатының заңды бір сабақтастығы деп түсінуіміз керек.
Осы жолғы Жолдауда бүгінгідей әлемдік дағдарыс кезінде баса мән беруді қажет ететін құрылымдық жаңарулардың бес бағытын жүзеге асыру бастамасы да бәріміздің ойымыздан шығып отыр. Әсіресе, «көрпеге қарай көсілу», яғни, осы бір сындарды шақта бюджет қаржысының әр тиы-нын ұқсатып, үнемді жұмсау көп мәселені оңға шешетіні айқын. Осыны Президентіміз өте дұрыс айтып отыр. Өкінішке орай, бөлінген қаржыны дұрыс игермеу немесе оны талан-таражға салу бізде әлі де тізгінін тарта қоймаған жағдайлар болып табылады. Сондықтан, Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізу тапсырылғаны жайдан-жай емес.
Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру мәселелері қамтылған үшінші бағытта да құптайтын мәселелер көп. Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Жолдауда  көрініс тапқан бұл жолдар көптеген нысандар су тегін арзан бағамен өтіп кеткен 90-ыншы жылдардағы жекешелендіруден ауыздары бір рет күйген қарапайым халықтың да ойынан шыға түсері анық. Тек ендігі жерде оның іспен нақтыланғаны керек.
2016 жылдан бастап Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Жолдауда оған экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар қосылатыны туралы айтылған. Осының бәрі елімізде заңдар мен заңдық-нормативтік актілерді қадағалау мен олардың тіркелуін қамтамасыз ететін әділет органдарына да зор жауапкершілік жүктейтіні белгілі.  Жалпы, жылдағыдай, биылғы Жолдау да бәріміздің қай мемлекеттік орган болсын, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бірлесе еңбек етуімізді талап етеді.
Тағы бір айтпай болмайтын мәселе, Мемлекет басшысының әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты осындай қиын-қыстау кезеңде де халықтың жағдайын ойлап, осы бағыттағы әлеуметтік шараларды күшейте түсуі.  Бұған 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, білім беру  салалары мен әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне еңбекақының өскелі отырғанын мысал ретінде келтірсек те жеткілікті. Жалпы, халқымыз тарапынан зор қолдауға ие болған жаңа Жолдаудың ел көңілінен шығар артықшылықтары мен ерекшеліктері көп. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің алға қадам басуының тағы бір басты кепілі деп білеміз. Ендігі мәселе, осы Жолдауда алға қойылған міндеттерді көп болып белсене қолға алу. Оған қабілет-қарымымыз, күш-қуатымыз бен біліктілігіміз толық жетеді.  

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
Ақмола облыстық
әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар