Қостанай қаласында 2003 жылға дейін туған жасөспірім қыздар арасында бадминтон спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.
Байрақты бәсекеде Ақмола облысының атынан Жанель Дүкенова мен Дарья Брыткова жұптасып өнер көрсетіп, абырой биігінен көрінді. Жерлестеріміз тартысты сайыстың нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынға ие болып, жеңіске деген жігер танытты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.