Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ендігі міндет – Жолдауды іске асыру - АРҚА АЖАРЫ

Ендігі міндет – Жолдауды іске асыру

Кеше облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиналысы болып өтті. Активте Жолдаудың басты бағыттары және одан туындайтын міндеттер туралы облыс әкімі Сергей Кулагин баяндама жасады. Актив жиналысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысып отырды.

  Облыс активіне облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, ведомстволар мен мекемелердің басшылары, ұлттық компаниялардың, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, құрылыс ұйымдарының, банктердің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, діни бірлестіктердің, ұлттық мәдениет орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ардагерлер және жастар ұйымдарының жетекшілері, инвесторлар, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Активті облыс әкімі Сергей
Кулагин ашып, жүргізіп отырды. Өңір басшысының баяндамасында Жолдаудан туындайтын міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру, осы тұрғыда алда тұрған қат-қабат шаруалармен бірге,  үстіміздегі жылдың он айында атқарылған істер, облыс экономикасының даму қарқыны да егжей-тегжейлі айтылып өтті.
– Құрметті ақмолалықтар, – деді баяндамашы өз сөзінде, – Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бүгінгідей қиын кезеңде қолға алынуға тиісті аса мәнді де маңызды, басым бағыттарды тайға таңба басқандай етіп анықтап көрсетіп отыр. Міндет жүгі жеңіл емес. «Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкция-лар алмасуы дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі
ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деп атап көрсетті Елбасы. Жолдауда айтылғанындай ендігі арада барлық мемлекеттік органдар,
саяси партиялар, қоғамдық  бірлестіктер тұтас ел болып барлық мүмкіндікті сарқа пайдалана отырып, алдымызға қойылған міндеттерді абыроймен атқарып шығуға тиістіміз. Еліміздің әрбір азаматы дайын дүниеге ғана ие боламын деген пейілден арылып, әлемдік дағдарыс кезінде ширап, серпіліп еңбек етуі керек. Сіздер мен біздер талай қиындықтарды басымыздан өткердік. Бірақ, бойымыздағы отаншылдық рух, тәуелсіз елімізге деген зор сүйіспеншілік барлық тегеріштен сүрінбей өтуге септігін тигізді. Мақсат бірлігі, рух биіктігі асқаралы шыңдарға алып шықты.
2012 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуы туралы айтсақ, үстіміздегі жылы Давос экономикалық форумында бәсекелестікке қабілеттілігі жөнінде Қазақстан әлемдегі 42-інші орынды иеленсе, бизнеске қолайлы жағдай туғызу мәселесінде 41-інші орында. Оның үстіне біздің еліміз 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққұқылы мүшесі болып отыр.  
Шешен өз сөзінде әлемдік дағдарыстың себептеріне үңіліп, талдау жасады. Әлемдік рыноктағы тұрақсыздық экспорттық өнімдердің бағасының төмендеуіне әкеліп соғып отыр. Оның үстіне дүниежүзінде экономиканың өсуі тежелді. Мұнай бағасы түсіп кетті. Экономиканың осындай тығырыққа тірелуі
саяси мәселелердің ширығуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, өз әлімізше отандық тауар өндіруге, экономиканы дамытуға барынша күш салуымыз керек. Осылай дей келе, баяндамашы өткен он ай ішіндегі облыстың экономикалық дамуына тоқталып, 215,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілгендігін тілге тиек етті. Бұл орайдағы жоспар 106,1 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы
228,1 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, межеленген көлем 101,1 пайызға теңеліп отыр. Сондай-ақ, он ай ішінде құрылыс саласындағы ілгерілеушіліктің айқын көрініс тапқандығын айта кетуге болады. 218 мың шаршы метр құрылыс пайдалануға беріліп, әуел бастағы жоспар 138,1 пайызға орындалған. Әлеуметтік саясатта жаңадан ашылған жұмыс орындарының маңызы өте зор. Өткен он ай ішінде 10672 жаңа жұмыс орны ашылған. Облыс бойынша орташа айлық көлемі 86,8 мың теңгеге жетіп отыр.  
Бұл өткендегі шаруа. Ал, енді дағдарысқа қарсы құрылымдық жаңарулар жөнінде сөз ететін болсақ, оның нақты бес бағыты бар. Алдымен, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатындағы ықшамдау, экономикалық бәсекелестікті жетілдіру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздерін құрау, сондай-ақ, соны әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады.
Ел дамуындағы негізгі стратегиялық бағыт индустриалды-инновациялық даму арқылы экономиканың шикізат қорына тәуелсіздігін арттыру. Облыс әкімі осы орайда облыстағы өнеркәсіп орындарының жұмыс ауқымын бұрынғы мөлшерден кемітпей тастүйін жұмыла отырып алға басуы керектігін еске салды.
Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков облыстың экономикалық даму барысы жайлы ақпараттық шолу жасады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы Нұржан Ысқақов, Степногорск қаласындағы «Қазатомпром» күкірт-қышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерлан Мами, облыстық білім басқармасының жанындағы жоғары техникалық мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Василий Гапеев, «Ақмола облысы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Галина Шеваревалар сөз сөйлеп, биылғы Жолдауда қойылып отырған міндеттер төңірегінде ой толғады. Олар өз пікірлерінде төрткүл дүниені есеңгіретіп отырған дағдарыстан барша ел болып, ерік-жігерімізді қиындыққа қарсы қойғанда ғана шыға алатындығымызды атап көрсетті.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин Елбасының Жолдауындағы өзекті ойларды өрістете келе, кеңеске қатысып отырған барлық басшылар еңбек ұжымдарында Жолдаудың мән-мазмұнын ұғындырып, қарапайым адамдарды жемісті де жеңісті жолда аянбай еңбек етуге, сол арқылы ел мерейін үстем етуге шақырды, жылда облыс алдына қойылған іргелі міндеттер үдесінен шығуда абыройлы биіктерден көрініп жүрген ақмолалықтардың тарихи құжатта атап көрсетілген басым бағыттарды іске асыруға белсене ат-салысатындарына зор сенім білдірді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар