Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұрт жәрмеңкеге асықты - АРҚА АЖАРЫ

Жұрт жәрмеңкеге асықты

 

Өткен сенбі күні облыс әкімі  Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы  Тәуелсіздік және «Алтын ғасыр» сауда үйі алаңдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көріп, азық-түлік бағасына назар аударды.

 

Жәрмеңкеде қаз қатар сауда шатырлары тігіліп, халыққа Астрахан, Егіндікөл, Есіл және Жарқайың аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің және облыс орталығындағы өңдеуші кәсіпорындарының өнімдері ұсынылды. Өңір басшысы «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының  сауда шатырларын аралап көргеннен соң журналистерге сұхбат берді. Ол өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталды.
– Өндірілген өнімнің бағасы оның өзіндік құнынан сәл жоғары болуы тиіс, – деді облыс басшысы. – Жәрмеңкедегі өнімдер бағасын қолжетімді етуге тырысуымыз керек.
Өңір басшысы әлденеше сауда шатырында болып, өнімнің сапасы мен бағасына назар аударды. Елге ортақ проблемаларды да тыңдады. Мәселен, жол құрылысын жүргізген мердігерлердің салғырттығынан облыс орталығындағы Куйбышев көшесінің 125 үйін су басқан. Бұл проблема жөнінде үй иесі Николай Алексеевтің бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Облыс әкімі осы мәселені шешуді қала әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасовқа тапсырды.
Аталмыш аудандардың кәсіпорындары 87,5 тонна ет және ет өнімдерін, 10,5 тонна балық, 5 тонна қант,  3 мың литр өсімдік майы және 17,5 тонна сүт өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатты.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Гимұхамед Сағынаев өз сөзінде 10 ауылдық округінің «Ас Мәди», «Ақсай», «Баташвили», «Стимул» тәрізді өзге де шаруа қожалықтары   ірі қара мен жылқы етін, нан мен сүт өнімдерін, ұн, көкөніс әкелгендерін атап өтті.
Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Мейрам Қожахметтің айтуынша, астрахандықтар 5 тонна ірі қара, 2 тонна жылқы етін, 70 қаз, 50 үйрек әкелген. «Астрахан құсы» серіктестігі 1 тонна құс етін, ұн, жемшөп, бал саудалапты. Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Октябрь Байегізовті де әңгімеге тарттық. Оның айтуынша, шаруа қожалықтары әкелген 3 тонна ірі қара, 1,5 тонна жылқы, 1,5 тонна қой және
2 тонна шошқа еті сауда сөрелерінде көп жатпады. Жәрмеңкеде жемшөп пен отын да сатылды. Облыс басшысы Астрахан ауданындағы Зеленый селосынан әкелінген 7 тонна шөпті тым қымбат бағамен сатпауды ескертті.
Осы жолы тұтынушылар саны көп болып, сауда да қыза түсті. Жәрмеңкеге көңілі толған қала тұрғындарының оны ұйымдастырғандарға айтқан алғыстарын құлағымыз шалды.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар