Аида Балаева «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап берді

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Киелі табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өтті.
«Бүгін біз «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап отырмыз. Жалпы, ата-бабамыз әрқашанда табиғатты аялау, құрметтеу деген философиямен өмір сүрген. Бабаларымыз осы тәрбиені, тәлімді аға буынның бойына сіңірді. Енді ең бастысы осындай акциялар арқылы сол тәлім-тәрбиені өскелең ұрпақ болашақ ұрпаққа жеткізуі өте маңызды. Сондықтан бүгінгі акция еліміздің барлық елді мекендерінде басталып отыр. Өздеріңіздей жастар ұйымының белсенділері, жетекшілері осындай акцияларды қолдап, оған қосылатын адамдар санын көбейтіп отырса маңызы арта түседі. Акция аясында ағаш отырғызу, өзендерді тазалап, бұлақ көзін ашу, ауылдар мен қалаларда сенбілік өткізу көзделген», – деді Аида Балаева іс-шара барысында.
Аида Балаева Қазақстан Президенті экологиялық білім мен тәрбиеге ерекше назар аударып отырғандығын, соған орай бірқатар мемлекеттік органға нақты тапсырма бергендігін атап өтті.
«Бұл осындай акциялардың стратегиялық маңызы зор екендігін көрсетеді және алдағы уақытта қатарымыз толыға түсеріне сенімдімін. Еліміздің жастар ұйымдарын бізге қосылуға және қолдауға шақырамын. Осы акция аясында үлкен ақпараттық жұмыс та жүргізілмек. Youtube-та «Киелі табиғат» деп аталатын арнаны іске қосамыз және ол біз жүзеге асыратын үлкен ағартушылық жобалардың жүргізілуіне септігін тигізетін болады», – деді министр.
Осыдан кейін Ақпарат министр акцияға қатысып, Ботаникалық бақ аумағына бірнеше ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ «Жас ұлан» республикалық жастар ұйымының өкілдері, экобелсенділері де ағаш екті.
Айта кетерлігі, бұл акцияға еліміздің барлық өңіріндегі жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады.
Әлеуметтану зерттеулері қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерийлеріне кіріп отырғандығын көрсетіп тұр. «Киелі табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.

 352 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар