Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 70-тен астам ақмолалық оқушы қатысады

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ағымдағы жылдың 25-30 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізеді.

Жыл сайын республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 16672 бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 4931 оқушы өтті, облыстық кезеңде 422 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде біріншілік үшін Ақмола облысының барлық аудандарынан 77 оқушы білімін сынап көреді.

Пандемия жағдайын ескере отырып, республикалық олимпиада Көкшетау қаласында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Ақан сері көшесі, 24 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ustudy» компьютерлік тестілеу орталығының базасында өткізіледі. Олимпиада «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді.

Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет-ресурсы арқылы әр турдың басына бір уақытта ұсынылады және әрбір қатысушының алдын ала берілген жеке қол жеткізу коды болады. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланады және қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Әрбір тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың жеке деректерін көрсетпей жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО respa2021.daryn.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бар хаттамалар да «Дарын» РҒПО сайтында жарияланатын болады. «Дарын» РҒПО жаңа пайдалы ақпаратпен толықтырылатын Telegram-бот @ro_help_daryn_bot республикалық олимпиадасының қатысушыларына арналған жолкөрсеткіш әзірледі.

Республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі 25 сәуірде онлайн режимде өтеді. 26-27 сәуірде олимпиаданың I және II турлары күндізгі режимде өтеді. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстарын 26-28 сәуірде тексереді. Апелляция 29 сәуірге жоспарланған.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 30 сәуірде онлайн режимде өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар