Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға басушылық бар - АРҚА АЖАРЫ

Алға басушылық бар

 Ақмола Медиа орталығында Бұланды ауданының әкімі Қуандық Еспергеновтің өңірдің жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер туралы баспасөз мәслихаты өтті.

  Аудан әкімінің айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі тұрақты. Ауданда мал шаруашылығын өркендетуге бағытталған мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларына азаматтар белсенді қатысып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына 41 миллиард 900 миллион теңге көлеміндегі 5 инвестициялық жоба енгізілген. Соның бірі Макинск құс фабрикасының құрылысы ағымдағы жылы басталды. Нысан іске қосылғанда мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.
Мұнымен қатар, баяндамашы денсаулық сақтау жүйесіне тоқталып өтті. Ауданда қырық дәрігер жұмыс істейтін 37 емдеу-профилактикалық мекеме бар. Үстіміздегі жылдың қараша айында Қараөзек ауылы тұрғындарының қуанышына орай, жаңа дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады. Десек те, күрмеуі шешілмей тұрған мәселе медицина саласындағы мамандар тапшылығы. Бұл қажеттілікті өтеу мақсатында сегіз студент жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Мұндағы үш студент облыс әкімі Сергей Кулагиннің оқу грантына ие болыпты. Сонымен бірге, шара барысында желтоқсан айында Макинск қаласында 420 орынға шақталған жаңа мектеп жалпы қолданысқа беріліп, оқушыларға есігін  айқара ашатыны да мәлім болды.
Бұқаралық ақпарат өкілдері аудан басшысына сауалдарын қойып, жылумен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде кеңінен сұрастырды.

 Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар