Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа биіктер көкжиегі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа биіктер көкжиегі

Ұлт Көшбасшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына арнаған Жолдауы қоғамымызда үлкен серпіліс туғызып отыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-ші орынға табан тіреп отырған Қазақстанға ХХІ ғасыр да ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Елбасы мемлекетіміздің алдындағы асулы белестер мен асқарлы шыңдарды бағындырудың 2050 жылға дейінгі жаңа жолын ұсынды. Бейбітшілік пен ынтымақтың тірегі болған Елбасымыз осы миссияның мазмұнын, қызметін қазіргі жағдайда нақты бағыттап берді. Жолдаудың «Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын қатерлері» тарауында дағдарыс сипаты мен астарын, негіздемесін айтып кетсе, «Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері» тарауында әлемдегі дағдарысқа қарсы Қазақ елінің 7 мүмкіндігін санамалап өтті. Жолдаудың «Біздің дағдарысқа қарсы басты міндетіміз» тармағында «Мәңгілік Ел» атты болашаққа бағыттаушы жоспар негізінде әрекет ету жолдарына талдау жасалды. Мұнда да басты 3 бағыт талданған. Олар – өсім, реформалар, даму.
Аталмыш тарихи құжатты өміршең ету бұған дейін жария етілген бес институттық жобаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен астасып жатыр. Бұл ретте біздің маңызды міндетіміз қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру. Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы ерекше әсер қалдырды. Көңілінде алаңдаушылық бар халықтың жүрегіне сенім ұялатып, үміт отын жақты. Елбасының бір сөзі де бекер айтылмайтынын, ал айтылған нәрсенің орындалатынын білетін ел Жолдауды жарқын көңілмен қарсы алды. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауда үш ұстыннан тұратын ел алдындағы, мемлекет пен мемлекеттік органдар алдындағы бес негізгі міндет белгіленді.
Біріншіден, Елбасы Қазақстандағы қаржы секторын тұрақтандыруды, елдегі инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуді, банк жүйесінің жұмысын қайта құру арқылы несие пайыздарының көлемін азайтуды, бірыңғай зейнетақы қорындағы қаржыларды Ұлттық қор деңгейіне көтеруді, аграрлық сектордағы түрлі қаржы институттарының жұмыстарын тауар өндірушілерге жақындатуды тапсырды. Екіншіден, барлық деңгейдегі бюджет саясатын оңтайландыруды, қаржыға қарай өмір сүру мәдениетін қалыптастыруды міндеттеді. Үшіншіден, жекешелендіру саясатын жүйелі түрде ел экономикасының дамуына пайдалануды, мемлекеттік кәсіпорындар мен мүлікті жекешелендірудің ұтымды бағдарламасын қабылдауды, монополияға қарсы саясатты түбегейлі өзгерте отырып, өнімдер мен қызметтерге баға қалыптастырудың жаңа жүйесін өмірге енгізуді қадап айтты. Төртіншіден, мемлекетіміздегі инвестициялық саясатты жақсы деңгейге көтерудің, дүниежүзіндегі трансұлттық компаниялардың мүмкіндігін пайдаланудың, шетел кәсіпкерлерін жекешелендіру саясатына тартудың, «Астана» халықаралық қаржы орталығын ел дамуының драйверіне айналдырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Жолдауда ең маңызды міндеттердің бірі де бірегейі ретінде еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын қалыптастыру туралы баса айтылды. Соңғы он жылдың көлемінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің табысы үш есеге өскендігін айтқан жөн деп ойлаймын. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің айлығы – 28 пайызға, білім саласында – 29 пайызға, әлеуметтік қорғау қызметіндегілердікі – 40 пайызға, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы – 30 пайызға көтерілетін болады. Жолдауда атап өткен, өмірге енгелі отырған тарихи жобаның бірі – 2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан бо-
йынша енгізілетін жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы. Қазақстан өз жастарына кәсіптік-техникалық мамандық алуына толық жағдай жасауын ел дамуындағы тарихи биік белес деп айтуға болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы  – қоғам дамуының басты тарихи құжаты. Бүгінгі жетістіктеріміз Жолдау міндеттерінің тиянақтылығынан, оның жүзеге асырылуындағы рухани және қаржылық нақты негізділігінен көрініс береді. Елбасы айтқан Мәңгілік Ел ұғымын жас ұрпақтың тәрбие тірегі етіп алатынымыз анық. Енді тек білек сыбана жұмыс жүргізіп, жаңа биіктерге талпынуымыз керек.
Сансызбай БЕЙСЕНОВ,
облыстық қазынашылық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар