Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу-электр орталығы жобасы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жылу-электр орталығы жобасы талқыланды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин «ALL ENERGY Holding LTD»  Israel компаниясының Азиядағы өңірлік бизнесті дамыту жөніндегі директоры Александр Вопиловпен кездесіп,  Көкшетауда жаңа жылу-электр орталығын салу мәселесін қарастырды.

Кездесуге компания директорымен бірге «Он Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Марат Нәбиев, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген компанияның өкілдері облыс орталығында  бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді, ең арзан отын көзі қолданылатын бу қазандықтарын салу қажеттігін ұсынды. Компания директоры Александр Вопиловтың айтуынша, ЖЭО салынған кезде өңірдегі жылу энергиясына деген тапшылықты жоюға болады. Жаңа ЖЭО 180 МВт электр және 450 Гкал/ч жылу қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Меймандар өздерінің осы аталған ЖЭО құрылысын жүргізуге ықылас танытып отырғанын жеткізді.
Жобаға қатысты ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдай келе, облыс әкімі Сергей Кулагин нысанның ең басты экологиялық жағынан тиімді болуын ескере келе, қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, түбегейлі шешім қабылдамастан бұрын, жобаның барлық нұсқаларын
егжей-тегжейлі саралап барып, сосын ғана нақты бір тоқтамға келу жөніндегі кесімді пікірін айтты.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар