Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елімізге арқа сүйейміз - АРҚА АЖАРЫ

Елімізге арқа сүйейміз

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап мемлекетімізде аналарға да ерекше қамқорлық көрсетіліп келеді. 

Бейбіт те, берекелі елде өмір сүріп жатқандығымыздың өзі егемендіктің ең үлкен жемісі деп білемін. Ол болмаса, бүгінгідей жақсылықтарға кенелмейтініміз ақиқат. Бірлігімізді сақтасақ, халқымыз имандылыққа бет бұрса, елімізде ешқашан жамандық атаулы орын алмайтынына шын жүрегіммен сенем.
Осы ынтымақ-бірлігіміздің мәңгі болуы, ең алдымен, аналар  қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі, «Отан – отбасынан басталады» демекші, балалардың тәрбиесі, олардың жүректерінде туған елге деген махаббат, сүйіспеншілік отын маздату, тек, әйел аналардың ғана қолынан келеді. Мен мұны  бостан босқа, құр мақтау сөз ретінде айтып отырған жоқпын.  Тарихта аты қалған Тұмар ханым, Домалақ ана, Зере, Ұлжан, Айғаным аналарымыздың сара жолын жалғастырып, ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты етіп тәрбиелеу «ана» деген асқақ атты иеленген әрбір азаматшаның қастерлі борышы емес пе?!
Бәрінен бұрын, «ана» сөзінің астарына бір үңіліп көрейікші. Халқымызда «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» деген бірнеше теңеулер бар. Олар тектен-текке пайда болған жоқ. Менің ойымша, біріншісі елдің ұйытқысы ана дегенді еске салса, қалған екеуі жеріміздің де, тіліміздің де қамқоршысы ана дегенді білдіреді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ әйелдері ұлтымызды өзінің емдік қасиеті бар жылы сүтімен, өз махаббатының отымен, өзінің аялы алақанымен және қамқорлығымен қамтамасыз етіп, сол арқылы қазақ халқының ұлттық, рухани, мәдени тұтастығын қалыптастырып, бойына жан жылуын дарыта алды» деген шын жүректен шыққан сөздерінде әйелдер қауымына қаншалықты зор сенім жатқанын түсіну қиын емес. Құдайға шүкір, еңбегіміз бағаланып келеді. Қай салада еңбек етіп, нендей кәсіппен айналысқымыз келсе де, жол ашық. Жуырда ғана Астана қаласында өткен «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары  дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты шараға біздің облыстан делегат ретінде қатысып келдім. Тәуелсіздікпен бірге жасап келе жатқан мұсылман әйелдері лигасының құрамындағы әр ана ұрпағымыз инабатты, ибалы болса екен дейді. Бұл ақ тілектерін сөз жүзінде ғана емес, істерімен де көрсетіп жүр. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің іргесінде «Қыз Жібек» қыздар клубының ашылуы, жастармен өткізген түрлі кездесулер осы сөзіме дәлел бола алады.    
Ұрпағымды өрбітем, іргелі отбасы болам деген адамға елімізде қажетті жағдайлар жасалған. Осы сөздің растығына өмірімде талай мәрте көз жеткіздім. Осыдан он сегіз жыл бұрын жолдасымнан айырылып, үш баламен қалғанымда маған, ең алдымен, Аллаға деген сенімім демеу болса, екіншіден мемлекеттің қамқорлығы көмектесті. Бүгінде үш ботақаным өсіп-өнді.  Әйел отбасының ғана емес, Отанның да ұйытқысы. Ел мерейі артса, бұл біздің мақсатымыздың, арман-тілегіміздің орындалғаны. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, қастерлі күн әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке келсін!
Қарақас ІРГЕБАЕВА,
«Ақмола облыстық мұсылман
әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі
төрайымының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар