Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айында және карантин кезеңінде мұқтаж жандарға көмек көрсету бастамасын көтерді. Еліміздің көптеген мешіттері қайырымдылық бастамасын жалғастыруда, бұл игі істен Есіл ауданы да шетте қалмады.
Қасиетті Рамазан айында имам Қызыр Бақжарық бастаған Есіл аудандық мешіті Московский ауылындағы көп балалы жеті отбасына ұн таратты.
Аудандық мешіттің имамы баршаны қасиетті аймен құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
«Жыл сайын біз осы игі іске үлес қосып келеміз, биыл барынша күш — жігерімізді салудамыз», — деп атап өтті жергілікті имам Қызыр Бақжарық.