Шіркеуден садақа ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 28-де Шортанды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне шіркеудің 29 жастағы қызметкері хабарласып, сәуірдің 21-де белгісіз біреу православ шіркеуінінің ішіне терезені бұзу арқылы еніп, қайырымдылық жәшігінен 20 мың теңге ақшаны жымқырып кеткенін айтқан.

Жедел іздестіру шарасы барысында 43 жастағы күдікті ұсталды. Ол өзінің қылмысын мойындады, ұрлаған ақшаны қажетіне жұмсағанын айтты.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігі «ұрлық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,  – деді ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар