Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, қосымшаны енгізудің негізгі мақсаты – жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарына бару мүмкіндігін болдырмау, карантин кезеңінде азаматтардың жұқтыру қаупінсіз шағын және орта бизнес жұмысын қалпына келтіру.
«Сәуірдің 26-да бастап жобаға еліміздің барлық облыстары қатысуда. 1827 нысанның 953-і тестілік режимде жұмыс істейді. Қосымшаны 400 мың пайдаланушы жүктеп алды. Қазіргі уақытта жоба келесі нысандарда жүзеге асырылуда: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, компьютерлік клубтар, боулинг-клубтар, кинотеатрлар, театрлар, филармониялар, қоғамдық тамақтану объектілері, фаст-фудтар, стрит-фудтар, бильярд және концерт залдары. Мамырдың 5-нен бастап жобаға караоке мен концерт залдарын қосу жоспарлануда», — деп атап өтті А.Мусина.
Айталық, облыс бойынша жобаға Көкшетау және Степногорск қалалары енгізілген. Бұл қалаларда 50-ге жуық QR-код берілді (Көкшетауда-35 және Степногорскіде-13). «Ashyq» қатысушыларының тізімі облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.