Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаланың жағдайы жақсара түскен - АРҚА АЖАРЫ

Қаланың жағдайы жақсара түскен

 

Ақмола Медиа орталығында Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің өнеркәсіптік қаланың жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер туралы брифингі өтті.

 

Қала әкімінің айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі тұрақты. Биылғы жылдың 10 айында тауарлық өнім өндірудің көлемі 59,3 миллиард теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр. «Қазақалтын» акционерлік қоғамы, «Астана-Нан» Кемикалз» серіктестігі мен Степногорск жылу электр орталығында өндіріс көлемінің өсуі байқалады. «Арыс-тан» серіктестігіндегі құбыр өндірісінің көрсеткіші былтырғы деңгейде. Құрамында ураны бар шикізаттың аз әкелуінен «СГХК» серіктестігіндегі өндіріс көлемі 70 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, ресейлік вагон жасайтын зауыттардың тапсырыс көлемінің азаюынан «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамының көрсеткіші 56 пайызға дейін құлдырап кетті.  Аталмыш кәсіпорындарда өндірісті әртараптандыру шаралары қолға алынды. Мәселен, биылғы жылы гидро-металлургиялық зауытта Қызылтудан өндірілетін мыс-молибден кенін өңдеу бойынша өнеркәсіптік тәжірибе өндірісі басталып, 3,7 мың тонна мыс концентраты өндірілді. Подшипник зауытында мәскеулік подшипниктер номенклатурасын ауыстыру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 34 мың дана подшипниктердің жаңа түрі жасалды.
Одан әрі қала әкімі Әнуар Күмпекеев Индустрияландыру картасы шеңберінде «Каз-атомпром» серіктестігі күкірт қышқылын, «Астана-Ойл» Мұнай үйі» серіктестігі қысқы дизельдік отын, «АвгустНан» серіктестігі глифосаттың калий тұзын және құрамында глифосаты бар пестицидтер өндіре бастағанын, үш жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Қаланың экономикасын әртараптандыру аясында «РЕ-ВИОМЕД ғылыми-тәжірибелік орталығы», «Қазақстан Жылыжай технологиясы» және «Ориджинал Про» серіктестіктерінде бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделген. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 4728,4 миллион теңге салық және өзге міндетті төлемдер түсті. Шағын бизнес саласында 362 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының арқасында қаладағы кәсіпкерлікті дамытуға әжептәуір қаржылай көмек көрсетілді. Биыл «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 4 жобаны субсидиялау мақұлданды. Жаңа өндіріс ашуға гранттар, шағын несиелер берілді.
Баспасөз мәслихатының соңында қала әкімі Әнуар Күмпекеев тілшілер сауалына тұшымды жауап берді.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар