Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көркейту, гүлдендіру – міндетіміз - АРҚА АЖАРЫ

Көркейту, гүлдендіру – міндетіміз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының бірнеше құрылыс және өндірістік алаңдарында болып, атқарылып жатқан шаруаның жайымен танысты.

Алдымен, өңір басшысы «Жасыл Ел НС» серіктестігінің жылыжайында болып, өсіп келе жатқан гүлдерді аралап көрді. Серіктестік директорының орынбасары Жәдігер Ақышевтің айтуынша, жылыжай кешені 2015 жылы пайдалануға берілген екен. Мұнда 500 мыңға жуық бетони, тагетци, виолы тәрізді біржылдық гүлдердің 20 түрі өсіріледі. Бұл гүлдер қалалар мен аудан орталықтарының гүлзарларына отырғызылады.
Кәсіпорын негізінен гүлзарлар, газондар, жаяу жүргінші жолы мен ландшафтық дизайн жасаумен, сондай-ақ, ағаш көшеттерін отырғызу, газондар мен талдарды кесумен айналысады. Төрт жылыжайдың әрқайсысында он шақты адам жұмыс істейді. Қаланы көгалдандыру кезінде еңбеккерлер саны көбейеді. Облыс әкімі өткен жылы гүл отырғызу мәселесі туындағанын, биыл жер жылынысымен гүл отырғызу жұмысын жүргізу керектігін айтты. Бұл бағытта еңбеккерлер жеткілікті екен. Сондай-ақ, ол еңбеккерлер жалақысының уақытылы төленетінін сұрап білді. Орташа еңбекақы 150 мың теңгені құрайды. Өңір басшысы еңбеккерлермен әңгімелесіп, хал-жағдайларын сұрап білді. Гүл өте нәзік болғандықтан, оның отырғызылуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Одан әрі облыс әкімі «Молоко Синегорье» серіктестігіндегі сүт зауытының жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорын тәулігіне 160 тонна сүт шығара алады. Өкінішке орай, бұл зауыт 2017 жылдың наурызынан бастап айналымдағы қаржының жоқтығына байланысты біраз жұмыс істемей келген екен. Бүгінгі күні кәсіпорынның жұмысы жанданып, сүттің 20 түрін шығара бастапты. Сүт Қазақстанның өзге өңірлеріне де тасымалданады. Зауыт экспортқа сүт өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Мұнда қырыққа жуық адам жұмыс істейді екен. Облыс басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.
Одан әрі ол №1 орта мектептің жанында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы және мектеп аумағын абаттандырудың барысымен танысты. Облыс әкімі мектеп сыртының дұрыс сыланбағанын, мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтінін сынға алып, құрылыс сапасын жақсартуды тапсырды. Жаңа салынып жатқан мектепте 36 оқу бөлмесі орналаспақшы. Бұл бұрынғы 3 ауысымдық мезгілмен оқуды қысқартпақшы. Осы орайда, өңір басшысы оқу сапасын арттыруды тапсырды. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса жазда атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген
Айбек ДАНИЯРОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар