Жұмыс та бар, көмек те алуда

Ақкөл ауданында 28 отбасына 2 миллион 700 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жалпы, аудан бойынша бірінші кезеңде 21 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалған. Оған қоса, 61 азық-түлік жиынтығы мен 21 гигиеналық тұрмыстық зат қажеттілігі бар отбасыларына таратылған. Осылайша биылғы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көрген жандардың бірі – Сәуле Кәкімова. Ол төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Екі баласы кәмелет жасына толмаған. Өзі жұмыссыз жүрген соң аудандық жұмыспен қамту орталығынан көмек сұрап келген.
– Біздің басымыздан көптеген қиын жағдайлар өтті. Үйімізді екі жыл қатарынан су басты. Бүгінде тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің негізінде кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Менің балаларым спорттық мектепте білім алады. Сондықтан, балаларыма спорттық киімдер мен үйді жылытуға көмір сатып алдым. Осы берілген әлеуметтік көмектің арқасында балаларым Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларында өткен сайыстарға қатысып келді, – деп ризашылығын білдіреді жалғызбасты ана. Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Оразалина өткен жылы ауданда жан басына шаққандағы орташа табысы төмен отбасыларға 14 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін атап өтті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар