Атбасар ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды  

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан халқы бірлігі күні және Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Атбасар ауданының Шуйский ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт бекеті  1775 тұрғыны бар Макеевка, Шуйский және Новосельский ауылдары аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Шуйское-21» серіктестігінің аумағында орналасқан өрт сөндіру бекеті жылытылған гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы бар. Онда төрт адам еңбек етеді. Олардың барлығы Атбасар қаласындағы Өрт сөндіру қызметі-4 базасында арнайы курстан өткен.

“Бекетті ашу үшін өрт сөндіру машинасын өрт-техникалық жабдықтауға және ерікті өрт сөндірушілерге арналған жабдықтарға облыстық бюджеттен 450 мың теңге бөлінді. Өрт сөндіру бекеті Атбасар ауданы әкімдігі және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалы арасында жасалған келісімшарт бойынша  қызмет көрсетеді. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт сөндіру бекеті үшін АС-40 (130) автокөлігі берілді.”, – деді ведомстводан.

Өрт сөндіру постының ашылуына Атбасар облысы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.К.Шапағатов қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар