Ардагерлерді мерекелік құттықтау

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі мен Көкшетау техникалық институты бірлесіп, мамыр айындағы мерекелерде еңбек және соғыс ардагерлерін құттықтай бастады.

Бұл шара бойынша Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Шарапұлы Әлиев Көкшетау қаласында тұратын әр еңбек және соғыс ардагерлері тұратын үйлердің алдына барып облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың және өз құттықтауын жеткізіп, содан соң үрлемелі аспаптар оркестрі музыкалық құттықтау сәлем сазын орындап беруде.

Қазақстан халқының бірлігі күні басталған бұл шара ең бірінші Социалистік Еңбек Ері, еңбек ардагері Есілбай Қадыралинді, Көкшетау аспап жасау зауытының еңбек ардагері Евдокия Осиненконы құттықтаудан басталды.

Ардагерлердің көңілінен шығып жатқан игі де ізгі шара мамыр айындағы 7-8-9 мереке күндері де жалғасатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар