Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдегі өзекті мәселелер пысықталды - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдегі өзекті мәселелер пысықталды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде жылу беру маусымының барысы, облыстағы салынып жатқан нысандардың құрылысын мерзімінде аяқтау, алдымыздағы Жаңа жыл мерекесіне тыңғылықты дайындалу мәселелері қарастырылды.

Алдымен, облыс әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Жарлығымен Конституцияның 20 жылдығына орай марапатталған бір топ адамға мерекелік медаль табыс етті. Мұнан соң облыс әкімі таяуда ғана ресми жұмыс сапарымен облыстың алты ауданын аралап шыққандығын, сапар барысында көзімен көріп, көңілімен түйген жайларын айтып берді. Дәл қазір аудандарда ел мерейін үстем ететін іргелі іс, етек-жеңі жинақы шаруа, жойқын жігер жоққа тән. Тіпті, осы
аудандарды аралау кезінде «біздерде мынандай бар, мынандай бар» деп мақтанышпен көрсететін дүниелердің табылмауы қатты қынжылтады. Мұның барлығы осы жұмыстарға жауапты шенеуніктердің тарапынан бастаманың аздығынан. Бастама болмаса, бағалы іс те болмайды.
Ең алғашқы және маңызды тақырып қақаған қыстың ішінде облыс елді мекендерін жылумен қамтамасыз ету жайы. Оның ішіндегі ең өзектісі әрбір қазандықтың жанындағы арнайы отын қоймасында екі айға молынан жететін қордың жинақталуы. Осы тақырыпта есеп берген энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың айтуына қарағанда жылу беруде әзірге ешқандай әттеген-ай, орын алған емес. Облыстағы 684 қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Дәл қазір 252,5 мың тонна көмір, 7 мың тонна мазут қоры бар.
Жылу беру маусымының қалыпты өтіп жатуына облыстық бюджеттен уақытылы қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілгендігінің пайдасы тиюде. Осы арада облыс әкімі табиғат құбылыстарының кез келген сынағына дайын болу керектігіне баса назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.
Облыста салынып жатқан нысандардың барысы әр ауданда әртүрлі. Дегенмен, үстіміздегі жылы құрылыс салу қарқыны айтарлықтай. Калачи селосы мен Красногорск кентінің тұрғындары Есіл мен Державинск қалаларына көшірілуде. Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен елді мекендерде қаншама тұрғын үйлер тұрғызылды. Өткен 11 ай ішінде 235,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Тұрғын үйге ие болғандар арасында кезегін тосқандар да, жас отбасылар да бар. Облыс әкімі облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайыловтың назарын Зеренді ауданындағы салынып жатқан нысандарға аударды. Әкім өз сөзінде ешқандай ақталудың қажеттігі жоқтығын, тапсырылған іске мұқият болу қажеттігін шегелеп айтты.
Ендігі бір өзекті мәселе жалпыхалықтық сипаты бар Жаңа жыл мерекесін лайықты қарсы алу. Дайындық мәселесі төңірегінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева жіпке тізгендей етіп айтып берді. Облыс әкімі бұл орайда, мерекеден балалар және қарттар үйлері, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасының балалары сырт қалып қоймауы қажеттігін арнайы тапсырды.  Жаңа жыл қуаныш пен шаттықтың, жаңа үміттің мерекесі. Мерекенің өту барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері де пысықталды. Тиісті сала басшыларына тапсырма берілді.
Сөз соңын қорытындылай келе, облыс әкімі ескі жылды лайықты шығарып салып, жаңа жылдық мерекеден кейін жаңа күш, жаңа жігермен іске кірісуге осы бастан дайындалу керектігін тағы бір еске салды.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар