Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау жол көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау жол көрсетеді

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шыққандығы анық.

Негізінен қазіргі экономикалық жағдай жөнінде айтылатын Жолдау қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде бізге таяудағы жылдары мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін алдын ала болжанған нақты бағыт қажет. Елбасының сөзі соған саяды. Мәселен, оның үлкен дағдарыс бұл тек қана қауіп-қатер емес, жаңа мүмкіндіктер деген ойлы сөзі қанаттандырып отыр. Бұл мағыналы сөзді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек ету керек деп қабыл алдық. Өз ойымша, әр кәсіпорын және шаруашылық жүргізетін субъектілер таяу арадағы өздерінің экономикалық дамуының стратегиясын нақты болжап алулары қажет. Бұл бағытта басшылар үшін Жолдау жол көрсетеді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде еңбек өнімділігін 60 пайызға өсіру керектігін атап өтті. Осы орайда, өз ұжымымыздың жақсы көрсеткіштерін қуанышпен айта аламын. Кәсіпорында екі мыңнан аса адам жұмыс істейді. Еңбеккерлер Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағындағы 16 мың шақырым электр қуатын тарататын желілерге қызмет көрсетеді. Келесі жылға инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 775 миллион теңге бөлінді. Оны өзіміздің абоненттер үшін толық игереміз. Елбасы корпоративтік менедж-ментке ерекше назар аударылатынын атап өтті. Жалпы еңбек қоғамы қағидаты бойынша «Көкшетау-Энерго» серіктестігі еңбеккерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін ұмытқан емес. Осы орайда, орташа еңбекақы жыл сайын көтеріледі, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Өз еңбеккерлеріміздің денсаулығына жіті мән береміз. Жыл сайын спорттың әр түрінен спартакиада өткізіледі. Кәсіпорынның өз спорт залы мен алаңы жұмыс істейді.
Серіктестік Елбасының техникалық мамандықтың беделін арттыру және энергетика саласына жастарды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда. Кәсіпорында жастарды оқыту және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатындағы оқу орталығы бар. Мұнда еңбеккерлер өндірістен қол үзбей тәжірибеден өтеді. Жыл сайын семинарлар ұйымдастырылады. Мамандар Астана Энергетика және байланыс университетіндегі арнайы курсқа жіберіледі. Кәсіпорынның қаражаты есебінен жоғары оқу орындары мен колледждерде жыл сайын отыз шақты еңбеккеріміз оқытылады. Сондай-ақ, техникалық мамандыққа жастарды тартып, тегін білім мен тәжірибе алуына мүмкіндік жасаймыз. Серіктестік балалар, мүгедектер мен ардагерлер тәрізді әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға көмек көрсетеді.
Бизнес қоғамдастығының өкілі ретінде қаржы жұмыс істеуі тиіс деп есептеймін. 2016 жылы зейнеткерлік активтер қазақстандық немесе шетелдік жеке меншік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Бұл қаржы кәсіпорындардың одан әрі дамуы үшін әрі азаматтардың қаржысына тәуекелдік туындатпайтын база болмақшы. Көптеген шаруашылық жүргізетін субъектілер мемлекет есебінен өмір сүруге дағдыланған деп атап өтті Елбасы өз Жолдауында. Расында да көптеген салалар тәуелсіз әрі тиімді жұмыс істеудің орнына субсидия  алып отыр.
Жеке әрі тиімді жұмыс істеуге үйрену қажет. Мемлекеттік бағдарламалар әрдайым бизнесті қолдайды. Әрине, жол, газ құбыры, аурухана, мектеп және өзге де нысандардың құрылысына инвесторлар тарту құлаққа жағымды естіледі. Дегенмен, оларды жөндеп, техникалық қызмет көрсету қажет. Сондай-ақ, энергетика саласы жаңғыртуға зәру.
Шығын азаяды, өндіру артады, жарықты апатты сөндіру азаяды. Сондай-ақ, Елбасының монополияға қарсы ведомство жөніндегі арнайы заңды жасау бойынша Үкіметке берген тапсырмасы бізді бейжай қалдырмады. Оның деңгейі мен жұмыс тәртібі жария етіледі деп күтілуде. Сөзімнің соңында келесі жылы бізге жаңа заң мен бағдарламалар көп мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Оларды жүзеге асыру ұжымға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрине, бұл жұмыс  оңай емес. Дегенмен, әркім өз саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндеріне сенімдімін. Ол үшін дайындықты бүгіннен бастау қажет.
Берік АҚЫЛБЕКОВ,
«Көкше-Энерго» серіктестігінің
бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар