Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының жаттықтырушыларын еске алуға арналған 2000-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан «Жас Ұлан» республикалық турнирі аяқталды.
Онда Ақмола облысының былғары қолғап шеберлері төрт медаль жеңіп алды. Оның ішінде 80 кг салмақ дәрежесінде Виктор Литвинов чемпион атанса, Битуған Ерсұлтан (50 кг), Даниил Саттаров (70 кг) және Батырхан Сейтенов (75 кг) күміс жүлдеге ие болды.