Көкшетаулықтарға Тәуелсіздік алаңында тегін екпе салынып жатыр

Көкшетауда мереке күндері жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеуде. Тәуелсіздік алаңында тұрған кешенде көкшетаулықтарға COVID-19-ға қарсы тегін екпе салынуда.

«Отбасылық денсаулық орталығы» бөлімшесінің меңгерушісі Жұлдыз Сапарбаеваның айтуынша, аталған медициналық кешен, мобильді бригадалар, сондай-ақ қалалық емхана мен облыс орталығының ірі сауда нүктелеріндегі кабинеттер қала тұрғындары үшін 1-3 мамыр аралығында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Мысалы, осындай іс-шаралардың арқасында бір жұмыс күні ішінде 1300-ден астам адам екпе алды.
«Вакцинация кезінде біздің мамандар мен медицина қызметкерлері пациенттерге кеңес береді, олар қандай жанама әсерлерге тап болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Бізде вакцинаның бірінші компонентін алған адамдар 21 күннен кейін қалалық емханаға немесе отбасылық денсаулық орталығына екінші компонентке жүгіне алады», – деп бөлісті Жұлдыз Сапарбаева.

Айта кетейік, бүгін 2 мамырда жұмыстың бірінші сағатында 2 адам вакциянаның алғашқы компонентін алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар