Өзбекстандықтар вакцинаның қай түрімен көп егілуде

ҚазАқпарат – Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі елде вакцинация науқанында халыққа вакцинаның қай түрі көп егілгені жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
1 сәуір күні басталған жаппай вакцинацияның алғашқы 10 күндігінде AstraZeneca-мен 68 пайыз, өзбек-қытай ZF-UZ-VAC2001 мен 32 пайыз вакцина егілген. 28 сәуірден Спутник V вакцинасы ел тұрғындарына салына бастады.
Жалпы 1 айлық статистикалық қорытындыға сай, AstraZeneca 40,9 пайыз, ZF-UZ-VAC2001 58,4 пайыз, Спутник V 0,7 пайыздық көрсеткіште азаматтарған егілгені мәлім болды. Осы аралықта 797 781 азаматқа екпе жасалған. Вакцинацияның екінші айы 1 мамырда басталып, алғашқы күні 58 235 адам вакцинацияланды. Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғандар саны 856 016-ға жетті.
Еске салсақ, жалпы Өзбекстанда вакциналау үш препарат – еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек тараптары бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 және Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы арқылы жасалып жатыр.

Дереккөз: inform.kz

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар