Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астана – Ақмола: жастар ойы мен пікірі - АРҚА АЖАРЫ

Астана – Ақмола: жастар ойы мен пікірі

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығында Қазақстан жастары конгресі күні болып өтті.

Бұл шара Астана қаласынан келген қоғамдық ұйым жетекшілерінің және облысымыздың белсенді жастарының қатысуымен өткен бірнеше кездесуді қамтыды. Соның ішінде, әсіресе, бастамашыл жастардың форумын атап айтуға болады. «Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов ашып, жүргізіп отырған шара барысында жас-тар бүгінгі таңда қоғамның алаңдаушылығын тудырған мәселелерді талқылады. Өңірімізде
«Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып жатқандығы, облыстағы жасұландықтардың ілкімді  істері ерекше атап өтілді.  
«Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Тоқтар Болысов өз сөзінде мектеп жасындағы оқушыларды, студенттерді патриоттыққа қалай баулу керектігіне тоқталса, «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Вера Ким еріктілер қозғалысының мәні мен маңызын әңгімелеп берді. 2010 жылы құрылған бұл ұйым құрамына ерікті жас-тарды жинап, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосып келеді. Сондай-ақ, еріктілер қозғалысы жастардың бос уақытын пайдалы істерге жұмсау арқылы, түрлі жат істерден аластатудың ұтымды жолы саналады. Форум аясында мұндай ұйымдарды ауылдық жерлерде де ашу керектігі жайлы мәселе көтерілді.
Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен жастар саясатын жүргізу жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиында жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов мемлекеттік мекеменің жұмысы жайлы баяндама жасады. Үстіміздегі жылы өңірде жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен шамамен 127 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Кеңес отырысында тек қағаз жүзінде ғана ашылып, бірақ ешқандай қоғамдық іспен айналыспайтын жастар ұйымдары сынға алынды. Бүгінде  облыс аумағында 100 жас-тар қоғамдық бірлестігі бар болса, оның 56-сы ғана нәтижелі жұмыс істеуде.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі де біртіндеп шешім табуда. Мәселен, жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы арқылы 658 жас маман еңбекпен қамтылса, «Дипломмен – ауылға!» жобасына 403 адам қатысқан екен. Оларға 56 миллион теңге көлемінде көтермеақы төленіп, ауылдық жерден пәтер сатып алу немесе үй салу үшін 547 миллион теңгеге 199 жеңілдетілген несие берілген. Мектеп бітірген түлектерге облыс әкімінің арнайы шәкіртақысы тағайындалатыны аз қамтылған отбасылар үшін зор көмек-қолдау болып табылады. Биыл 132 студентке облыс әкімінің шәкіртақысы беріледі деп күтілуде.
Қазақстан жастары конгресі күні көшбасшылық қабілеттерді арттыруға бағытталған түрлі тренингтер ұйымдастырылып, жастар бұл күннен жақсы әсер алды.    

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар