Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қателіктер қайталанбауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Қателіктер қайталанбауы тиіс

Жуырда өткен Ақмола облысы прокурорының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды прокурорлық қадағалау туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша облыстық прокуратураның 4-інші басқармасының бастығы Мұрат Әбішев баяндама жасады. Баяндамада атқарушы органдардың актілері бойынша шағымдану бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірінен саналатындығы атап көрсетілді. Осы санаттағы істерге қатысу жөніндегі шешімді прокурор «Әкімшіліктік құқық бұзушылық істері туралы сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқаулықтың негізінде қабылдайды. 2015 жылдың өткен тоғыз айында облыс соттары осындай 187 іс қарады. Оның 30-ы бойынша талаптар қанағаттандырылып, қалған 69 іс өзгеріссіз қалды. Соның ішінде, ішкі істер органдарының әрекетіне шағымдану жөнінен 26 істің қанағаттандырылғанын, медициналық куәландыру бойынша да 2 іс талапкер жақтың пайдасына шешілгендігін айта кету керек.  
Енді мемлекеттік органдарға келсек, ішкі істер органдары қаулыларының 19-ы, салық органдары қаулыларының 12-сі негізсіз деп танылған. Сонымен бірге, тиісінше 12 және 8 қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
Жағдай көрсетіп отырғанындай, бұл бағытта облыста әлі де баса зер салатын мәселелер баршылық. Сондықтан, қосымша баяндамалар жасаған облыстық ішкі істер департаменті әкімшіліктік құқық бұзушылықтар жөніндегі басқарманың бастығы Аслан Қызбекенов, облыстық мемлекеттік кірістер жөніндегі департаменті заң басқармасының басшысы Болат Әбетов, облыстық наркологиялық оңалту орталығының бас дәрігері Серік Әшімовке де сауалдар аз болмады. Көп жағдайда әкімшіліктік құқық бұзушыларды тиісті жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетіп жатады. Ал, мұның өзі тиісті орындардың сылбыр қимылынан орын алуда. Медициналық қызмет көрсетудегі  осындай орынсыздықтар жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Киласьевке де сауалдар қойылып, сын-ескертпелер айтылды.
Отырысты қорытындылаған облыс прокуроры, 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мұратбек Исаділов есеп берушілерге қоғамдық кеңес мүшелерінің алдағы уақытта күн тәртібіндегі бұл мәселеге қайта оралатынын, оған дейін олқылықтар мен кемшіліктерді жою бағытында талапқа сай жұмыс істеу қажеттігін баса атап көрсетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар