Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды - АРҚА АЖАРЫ

Аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновке арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Аталған ескерткіш Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылының бойында ашылды. Салтанатты шараға Талғат Бигелдиновтың қыздары Галина мен Райхан, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қарулы Күштердің ардагерлері, қоғам қайраткерлері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының өкілдері мен әскери қызметшілер қатысты.

– Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың бүкіл саналы ғұмыры -ерен ерлік пен батылдықтың, кәсіби шеберлік пен Отанға адалдықтың үлгісі. Соғыс жылдары ол ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 рет ұшты. Осы 500 сағаттық ұшу кезінде ұшқыш ең жауапты тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Батылдығы мен ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына лайық деп танылды, – деді қорғаныс министрі.

Елордада әйгілі ұшқышқа ескерткіштің ашылуы алапат майданда ерлікпен шайқасып, тылда жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлік жолын мәңгі есте сақтайтын ұрпақ сабақтастығын көрсетеді.

Жеңіс жолында өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, сұрапыл соғыстың алапат майданынан өткен Талғат Бигелдиновтың ерліктері ел тарихына мәңгі сақталады. Соғыстан кейінгі жылдары ол әскери және азаматтық авиацияда жұмыс істеді, қоғамдық қызметпен айналысты.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуы жолында, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында белсенді жұмыс жүргізді Бүгінде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебі батыр ұшқыштың берілгенін мақтан етеді.

Аталған оқу орындарының аумағында аты аңызға айналған батырға ескерткіштер орнатылған. Курсанттар мен ұландар батырдың ғұмыры мен жауынгерлік жолын үлгі етеді.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар