Ақкөл қаласында киокушинкай кан каратэден республикалық турнир өтті

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағаметовты еске алуға арналған Солтүстік-Орталық аймақтағы киокушинкай кан каратэден республикалық турнирге 200-ден астам спортшы қатысып, тамаша жекпе-жектер өткізді.

Жарыс кезінде санитарлық нормалар сақталды. Татамиге шыққан Ақмола облысының каратэшілері 19 алтын, 17 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.

Сонымен бірге, ақмолалықтар каратэшілердің арасында «Ең қысқа жекпе – жек үшін» аталымы бойынша- Даяна Бакубаева, «Үздік техникасы үшін» аталымы бойынша – Ұзақбай Мәдиярбек, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша – Владимир Долин және Нұрсұлу Тәшімова марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар