Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен жастар арасында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.
Боз кілемге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Грузия және Украина елдеріне 280 балуан шығып, күш сынасты.
Осы ретте, жерлесіміз Азиз Гасымов бес кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек 1/2 финалдық белдесуде Грузия елінің өкіліне есе жіберіп алды. Үшінші орын үшін күресте отандасымыздан басым түсіп, қола медальге ие болды.