ҰОС ардагерлерінің мемориалдық ескерткіші жаңартылды

Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметінше, Жеңіс күніне орай, Щучинск қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері аллеясының мемориалдық бөлігін абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «RG GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражаты есебінен мердігер – «СК Основание» серіктестігі жүргізді.

Жөндеу жұмыстары барысында Мәңгілік алау ауыстырылды, ескісін бөлшектеу кезінде «Ерлігі үшін» медалі табылды. Асфальттың орнына бедер тас төселді. Үлкен әрі әртүрлі пішінді орындықтар орнатылды, Мәңгілік алауға тартылған газ құбыры мен мемориалдық тақтаның қасбеті керамогранитке ауыстырылды.

«Аудан тұрғындары атынан Щучинск қаласының визит карточкаларының бірі саналатын нысанды абаттандыруға үлес қосқанын үшін «RG GOLD» компаниясының басшылығына және жөндеу жұмыстарын жүргізген «СК Основание» серіктестігі жұмысшыларына алғыс айтамын. Жаңарған нысан қаланың көрікті жерлерінің бірі болып қана қоймйа, батырларымыздың ерлігін еске салып тұрады», – деді аудан әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар