Президент ШҚО-дағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр.
Бұл туралы өзінің Facebook-тағы парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған дейін ШҚО-дағы өртпен күреске 100 адам мен МИ-8 тікұшағы жұмылдырылғанан хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртінің жалпы аумағы 310 гектарға жетіп, 14 үйді жалын шарпығанын және өрттен 1 адамның қаза тапқанын жаздық. Сондай-ақ осы өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар